Accessibility links

ОСК халықаралық бақылаушылармен кездесті


Сайлаушыларға жіберілген шақыру қағаздары
Сайлаушыларға жіберілген шақыру қағаздары
Сенбі күнгі баспасөз мәслихатында ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос Астанада тіркелген халықаралық бақылаушылардың сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Осы баспасөз мәслихатында Чехияның MEDIUM-ORIENT агенттігі өкілінің «Төтенше жағдай тәртібіндегі Жаңаөзенде халықаралық ұйымдардан бақылаушылар бола ма?» деген сауалына Фоос мырза Жаңаөзен аймағына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрт бақылаушысы баратындығын айтқан.

ОСК өкілі сондай-ақ Жаңаөзен қаласында арнайы шаралар қарастырылған, атап айтқанда уақыт жағынан шектеулер болады деген, бірақ нақты қандай шектеулер екенін ашып айтпаған.
XS
SM
MD
LG