Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" Қырғызстанды сынады


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының әлемдегі баспасөз еркіндігі жайлы есебі. Көрнекі сурет.
"Шекарасыз тілшілер" ұйымының әлемдегі баспасөз еркіндігі жайлы есебі. Көрнекі сурет.
Парижде орналасқан "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы Қырғызстанды "Фергана" ақпараттық веб-сайтына шектеу қойғаны үшін қатаң сынады.

Баспасөз еркіндігіне мониторинг жасап отыратын ұйым сайттың жабылуын "Орталық Азияда тұңғыш парламенттік демократия орнатуға тырысып жатқан елдің ең үлкен кері кетуі" деп бағалады.

Бұған дейін "Қырғызтелеком" парламенттің бұйрығы бойынша "Фергана" веб-сайтын жабатынын хабарлаған еді. Өткен жылдың маусым айында қырғыз депутаттары веб-сайтты 2010 жылғы маусымда елдің оңтүстігінде болған этникалық қақтығыстар жайында "біржақты және арандатушылық сипатта" хабар таратты деп, жауып тастауға дауыс берді.

"Шекарасыз тілшілер" веб-сайттың қақтығыс жайындағы хабарларын "ең үздік" деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG