Қытайдың Тибеттегі саясатына наразылық танытқан төрт баланың анасы өзін-өзі өртеп жіберді. Бұл туралы тибеттік белсенді азаматтар хабарлады.
Азат Тибет тобының белсенділері Ринчен есімді 32 жасар жас әйелдің наурыздың 4-і жексенбі күні Сычуань провинциясындағы Кирти ғибадатханасының алдында осындай жолмен қаза тапқан.
Топ мүшелерінің хабарлауынша, Ринчен - соңғы бір жылдың ішінде Қытайдың Тибетке қатысты саясатына қарсылық көрсетіп өзіне қол жұмсап өлген 16 адамның бірі. Бұл оқиға Бейжіңде Қытай парламенті жылдық сессиясының ашылуына бір күн қалғанда болып отыр.