Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бір министрді ұлының жол апатына қатысы бар болғаны үшін жұмыстан шығарды. Энергетика мен индустрия министрі Ярмұхаммед Оразгулиев ұлы басқа да жоғары лауазымды түркімен шенеуніктерінің балаларымен бірге жол апатына ұшырағаны үшін қызметінен айырылды.
Бердімұхамедов жергілікті телеарналардан көрсетілген үкімет мүшелерінің жиналысында: "Кейбір шенеуніктер балаларын тәрбиелеуге жете мән бермейді" деп мәлімдеді. Бейнесюжетте Оразгулиевтің президенттен кешірім сұрағаны, "отбасымның мүшелерін Арқадағтың үйреткендері мен нұсқауларына сәйкес қанаттандырып отырам" деп айтқаны көрсетілген. Гурбангулы Бердімұхамедовты Түркіменстанда "Арқадағ", яғни "Қорғаушы" деп те атайды.