Accessibility links

Армения "армян геноцидін" еске алады


Армения президенті Серж Саркисян мен үкімет мүшелері, католик діндарлары "Геноцидті еске алу күнінде". Армения, Ереван, 24 сәуір 2009 жыл.
Армения президенті Серж Саркисян мен үкімет мүшелері, католик діндарлары "Геноцидті еске алу күнінде". Армения, Ереван, 24 сәуір 2009 жыл.
Армения 24 сәуірде 1915 жылы Осман империясы тұсында бір жарым миллион армянның геноцидке ұшыраған күнін еске алады. Ел астанасы Ереванға бүгін геноцид құрбандарын еске алуға мыңдаған адам келеді деген болжам бар.

Армяндар 24 сәуірді Осман империясы тұсында түріктердің этникалық армяндарды жаппай қырғынға ұшырату науқанын бастаған күн ретінде еске алады. Армяндардың айтуынша, 1915 жылы 24 сәуірде Түркия астанасы Стамбулда империя құрамындағы жүздеген армян зиялы қауымы тұтқындалып, қуғынға айдалды. Қуғында олардың көпшілігі қаза тапты. Қырғын бұдан бірнеше айдан соң қайта жалғасты.

Бұл қырғын 330 шақырымдық ортақ шекарасы бар Түркия мен Арменияның дипломатиялық байланыс орнатуына кедергі жасап келеді. Түркия ол кезеңде екі жақтан да бірдей қылмыстар болғанын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG