Сейсенбіде Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафик мамырда өтетін президент сайлауына түсуден шеттетілді. Бұл шешім Египет әскери кеңесінің бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк режимі тұсында жоғары билікте болған адамдарды саясаттан шеттету туралы заңды бекіткен соң қабылданды.
Ахмед Шафик премьер-министр қызметіне Мүбәрәк билігінің соңғы айларында тағайындалған болатын. Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы бұрынғы вице-президент Омар Сүлейменді "уақытында қажетті қолды жинай алмады" деген себеппен сайлаудан шеттеткен.
"Мұсылман бауырлар" ұйымының жетекшісі Қайрат әл-Шатир да бұрын сотталғаны себепті, ал әсіре консервативті салафилік имам Хазем Әбу Исмаил анасы АҚШ азаматы болғаны үшін сайлаудан шеттетілді.