Accessibility links

Тәжікстан біреуге "тіл тигізген" адамды енді бостандықтан айырмайды


Тәжікстан парламентінің отырысы. Душанбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Тәжікстан парламентінің отырысы. Душанбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы бейсенбіде жала жабуды қылмыстық кодекстен алып тастайтын заң жобасын қабылдады.

Наурызда президент Эмомали Рахмон ұсынған жобада жала жабу мен тіл тигізу туралы бапты қылмыстық кодекстен алып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кіргізу қарастырылған. Заң қабылданса, "өзгеге жала жапты" немесе "тіл тигізді" деген айыппен істі болған журналистер қылмыстық емес, тек әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылып, айыппұл төлейді.

Енді заңды парламенттің жоғарғы палатасы мақұлдап, президент қол қоюы керек.

Қазіргі заңнама бойынша, "жала жапты" немесе "тіл тигізді" деген айыппен істі болған тәжікстандық журналистер бірнеше жылға сотталып кете барады. Бірақ жаңа заңда президентке жала жапқан немесе тіл тигізендерді бес жылға дейін соттау жазасын өзгерту қарастырылмаған.
XS
SM
MD
LG