Accessibility links

Франция парламентіндегі көп орынды социалистер алды


Жас социалистер қозғалысының мүшелері сайлаудың алғашқы кезеңінде социалистердің басым дауыс алғанын атап өтіп жатыр. Париж, 10 маусым 2012 жыл.
Жас социалистер қозғалысының мүшелері сайлаудың алғашқы кезеңінде социалистердің басым дауыс алғанын атап өтіп жатыр. Париж, 10 маусым 2012 жыл.
Жексенбіде Францияда өткен парламент сайлауының ресми қорытындысы шығып, Социалистік партия парламенттің төменгі палатасы - Ұлттық ассамблеядағы орынның көпшілігін иеленді.

Социалистер Ұлттық ассамблеядағы 577 мандаттың 313-ін жеңіп алды. Ал "Халықтық қозғалыс одағы" 214 орынға ие болды. 17 орын "Еуропа-Экология-жасылдар" партиясына тисе, 16 орын "Жаңа орталық" партиясына бұйырды. Әсіреоңшыл "Ұлттық майдан" партиясы 2 орын алды.

Социалистер партиясының бұл жеңісі президент Франсуа Олланд пен оның үкіметіне заң қабылдауда басқа партияларға қарайламауға мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG