Accessibility links

Мемлекеттік дума "шетел агенті" туралы заңды мақұлдады


Ресей мемлекеттік думасының отырысы. Мәскеу, 13 шілде 2012 жыл.
Ресей мемлекеттік думасының отырысы. Мәскеу, 13 шілде 2012 жыл.
Ресей мемлекеттік думасы бүгін үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын қабылдады. Екінші және үшінші оқылымда қабылданған заң жобасын 374 депутат қолдап дауыс берді. Үш депутат қарсы дауыс берсе, біреуі қалыс қалды.

Заң жобасы бойынша енді шетелден қаржыландырылатын және саясатпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға "шетел агенті" деген атау беріліп, олардың қызметі мұқият бақыланады. Заң жобасын енді 18 шілдеде парламенттің жоғарғы палатасы қарауы тиіс.

Ресейдің бір топ қоғам қайраткерлері президент Владимир Путин мен премьер Дмитрий Медведевтің атына хат жазып, заңды қоғамның талқылауынан өткізгеннен кейін ғана, күзге таман қабылдауды сұраған.

Ресейлік құқық қорғаушылар заң жобасын "репрессивті" деп бағалады. АҚШ бұған дейін заң жобасына қатысты алаңдаушылық білдірген.
XS
SM
MD
LG