Accessibility links

30 пайызды талап еткен кеншілер 10 пайызға келісті


«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жұмысшыларының ереуілі. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жұмысшыларының ереуілі. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының әкімшілігі мен кәсіподақ арасындағы еңбек дауы 16 шілдеде аяқталды. Компанияның айтуынша, болат және көмір департаменті жұмысшыларының айлығы көбейді.

Келісімге сай, компания 2012 жылдың 1 қаңтарынан бергі айлықты 10,4 пайызға арттырады. 2011 жылдың 7,4 пайыздық инфляция индексациясы да, тарифтік ставка мен айлықтың 3 пайыз өсімі де - осының ішінде.

Жұмысшыларға 2012 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейінгі айлықтың осы шарт бойынша қосылған үстеме ақшасы шілденің айлығымен бірге, 2012 жылы тамызда беріледі.

Жаңа шарт бойынша, компания жалақысы аз мамандық иелеріне 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша ақы төлейді.

10,4 пайыздық үстемені қосқаннан кейін де айлығы 60 мың теңгеден аспаған жұмысшылар - ай сайын қосымша 10 мың теңге; айлығы 65 мың теңгеден аспаған жұмысшылар - ай сайын 7 мың теңге; айлығы 70 мың теңгеден аспаған жұмысшылар - ай сайын 5 мың теңге қосымша ақы алады деп хабарлады компания.

- Кәсіподақ ұйымдарымен тіл табысқанымызға қуаныштымыз. Енді бәсеке мәселесіне көңіл қоя аламыз. Бұл мәселе металл нарығына да әсер етіп жатқан
"АрселорМиттал" компаниясының бас директоры Лакшми Миттал журналистерге сұқбат беріп тұр. Қарағанды облысы, Абай қаласы, 14 қаңтар 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
"АрселорМиттал" компаниясының бас директоры Лакшми Миттал журналистерге сұқбат беріп тұр. Қарағанды облысы, Абай қаласы, 14 қаңтар 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
әлемдік экономика дағдарысы тұсында өте маңызды, - деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Виджай Махадеван.

Жұмысшылардың «Жақтау» кәсіподағы өкілдерінің айтуынша, «компания мерзімсіз ереуілдің соңы жақсылыққа апармасын ұқты».

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысшылары айлықты 30 пайызға өсіру туралы талапты 2011 жылдың қазанынан бері қойып, орындата алмай келе жатқан.

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта 16 мыңдай жұмысшы бар. Биыл 29 маусымда үш мыңдай жұмысшы үш сағат бойы ескерту ереуілін жасаған еді. Сол оқиғадан кейін келіссөз қайта жанданған.

Кеншілердің 29 маусымдағы ескертпе ереуілі:
Металлургтердің ескертпе ереуілі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00
XS
SM
MD
LG