Қарағанды қаласының басшылығы «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі үйлер қиратылады деп мәлімдеді. Орнына жаңа ықшам аудан бой көтермек. Тұрғындардан тезірек қоныс аударуды сұрап жатыр.
Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев шілденің 31-інде кешкісін «Бесоба» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын жинап, маңызды ақпаратпен бөлісті. Апатты жағдайда тұрған үйлер бұзылып, орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынады.
ҚҰЛАТЫП, ҚАЙТА САЛУ
«Бесоба» тұрғын үй кешенін салу барысында түрлі олқылықтарға жол берілгенін билік мойындайды. Жаңа ықшам ауданда салынатын үйлер қауіпсіз болады деп сендіреді. Қала әкімі «Бесоба» кешенінің тұрғындарымен кездесу барысында ауданның аты өзгеретінін және жаңа кешендегі үйлерде «Бесоба» үйлерінің өлшемі сақталатынын айтты.
- Жақын күндері салынып бітпеген 3- және 4-үйлерді қайта жөндеуге кірісеміз. Қазірдің өзінде өндірістік жұмыстардың жоспары әзірленіп қойды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржыны қалалық әкімшілік бөледі. Есептеу жұмыстары аяқталмағандықтан, жалпы сома белгісіз. Сонымен қатар, 5, 6, 7 үйлер де бұзылады, - деп хабарлады Бауыржан Әбдішев.
Әкімнің мәлімдеуінше, жаңа тұрғын үй кешені бой көтеретін алаң қазан айында дайын болуы керек. Оның ақпараттарына сүйенсек, бюджет қорынан жоба-сметалық құжаттарды дайындауға 45 миллион теңге бөлініпті.
- 15 қыркүйекке қарай жоба-сметалық құжаттардың қорытындысы мен мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қолымызға алсақ деп жоспарлап отырмыз. Содан кейін үкіметке шығып, қазан айында үйдің іргетасын қалау мен құрылысты бастауға республикалық бюджеттен алғашқы қаржыны алуды ойлап отырмыз, - деді Әбдішев.
Қарағанды әкімі «Бесоба» тұрғындарымен кездесу барысында құлап қалған 7-үй тұрғындарының жартысын баспанамен қамтамасыз ету 2012 жылғы тамыздың 10-ына дейін аяқталады деп нақтылап айтты. Тұрғындардың көпшілігі - несие алғандар мен үлескерлер.
Баспанасы бұзылғалы тұрған Сергей Абаевтың айтуынша, «Бесобаның» орнына жаңа ықшам ауданның салынуына тұрғындар наразы. Тұрғын бақытсыздыққа душар болған ол мекенге қайта оралудың қажеті жоқ деп санайды.
- Ол жерге басқа үй тұрғызудың қажеті шамалы. Жаңа салынған үйден біреу пәтер сатып алады дегенге күмәнім зор, - дейді ол.
ТҰРҒЫНДАР ДҰРЫС ЖЕРДЕН УАҚЫТША ҚОНЫС БЕРУДІ СҰРАЙДЫ
«Бесоба» кешені тұрғындарының сөзіне сенсек, бір апта бұрын аудандық әкімшіліктің өкілдері келіп, алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізу керек деп, ақша жинап беруді талап еткен. Тұрғындар қажетті ақшаны жинап өткізгендерін айтады. Ал енді оларға тез арада үйді босатыңдар деген хабар жеткен.
Бесобалықтардың үйді босатуына бар болғаны бір ай беріліп отыр.
- Үйлердің құрылысы бір мезгілде басталып, бір мезгілде аяқталуы үшін тұрғындардан тезірек қоныс аударуды сұрап жатырмыз. Ал баратын үйі жоқтарға қаланың 14-ықшам ауданынан уақытша баспана береміз. Ол үйлер сапалы жөндеуден өткен, - деді әкім Бауыржан Әбдішев.
«Бесоба» тұрғындарының айтуынша, баспанасы апатты жағдайда болып, бұзылуы тиісті үйдің адамдарына билік өкілдері таңдау еркін бермеген. Осы кешендегі пәтердің иесі Сергей Абаев Азаттық тілшісіне былай деді:
- Үш ай бойы әкімшіліктің табалдырығын тоздырдық. Майқұдықтағы үйлерде ешкімнің тұрғысы жоқ, басқа баспана беріңіздер деп сұрап келеміз. Өйткені ол қаланың шеті, ешқандай инфрақұрылым жоқ, аялдамалары да алыс. Содан келіп түрлі қиындықтар туындайды. Тұрғындарды қоныс аударуға басқа да бос үйлер бар ғой. Әкімшілік неліктен Майқұдықтан өзге мүмкіндіктерді қарастырмаған? Онда ешқандай жағдай жасалмаған. Енді не істерімізді білмей отырмыз.
Сергей Абаев мәслихаттың жиналысын күтіп, сонда шығатын шешімді күтемін деп отыр.
- Біз көшіп кету мен қайта қоныстану қалай жүзеге асатынына кепілдік беретін қаулыны талап еттік. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында абыр-сабыр. Жалға алу ақысы да өсіп кеткен. Көпшілігі қайда барарын білмей отыр, себебі пәтер жалдайтын ақшалары жоқ. Онсыз да осы жерден үй аламыз деп қарызға батқан. Бізге уақытша қоныстаныңдар деген ықшам ауданда тек ескі үйлер мен қайта жөнделген жатақханалар бар. Ол жаққа кезек күтіп тұрғандардың ешқайсысы барғысы келмейді. Түсініксіз болып тұр. Ол үйлер бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Қиындықтары да жетерлік. Әлі күнге дейін құқықтық мәселелер де шешім таппаған. Бұл үйлердің алдыңғы тұрғындары келіп, өз пәтерлерін қайтып алмақшы, - деді Сергей Абаев.
«Бесобаның» тағы бір тұрғыны Азаттық тілшісімен әңгіме барысында мемлекет адамдардың жайлы өмір сүруі үшін өз құзырындағы барлық жағдайды жасауға міндетті дейді.
- Адамдар осы «Бесоба» ықшам ауданынан пәтер сатып алу үшін үйлерін сатқан, ақшаларын жинаған, ипотека алған. Ал қазір бізді қаланың қуысындағы Майқұдыққа тығып жатыр. Осы рахат өмір ме? Халық арасында «Бесоба» туралы әзіл әңгімелер де тарап кеткен. Кеше жиналыс аяқталған соң жас келіншектер, аяғы ауыр, кішкентай балалы әйелдер көз жасын көлдетті. Барлығымыздың салымыз суға кетті. Ал әкім бізге жиналыс уақытында сабырлы болуды тапсырған. Біз мұнда ешқандай саяси талаппен келген жоқпыз, тек өзімізге тиесілі мүлкімізді қайтарғымыз келеді. Мысалы, пәтердегі бір кірпішті қозғалту үшін талай жерден рұқсат алу керек. Ал бүтіндей бір тұрғын үй кешенін ешқандай заңды ескермей, өз білгенінше тұрғыза салып, халықтың қалтасын қағып алғаны үшін кім жауап береді? - деп әңгімесін жалғастырды тұрғын.
Биылғы сәуір айының басында «Бесоба» кешеніндегі 7-көпқабатты тұрғын үй құлап қалды. Ал оның жанында орналасқан 7/1 үй тұр, бірақ дуалдары жарылып кеткен. Адамдар әлі де сонда тұрып жатыр. 7-үй өздігінен құлап қалған соң «Бесобаның» өзге үйлерінде де қауіпті сызаттар пайда бола бастады. Атап айтсақ, бес жылдан бері құрылысы жалғасып келе жатқан 4-көпқабатты үйдің қабырғасына жарық түсті.
Мемлекеттік комиссия «Бесоба» кешенінде бой көтерген барлық үй, соның ішінде қирап қалған тұрғын үй де құрылыс нормалары сақталмай тұрғызылған деп тапты. Бұл үйлерді салған «СервисПромСнаб» компаниясы. Ал оның директоры Андрей Малянов қазір қашып жүр. Оған прокуратура іздеу жариялаған.
Қазақстандық қайта жөндеу және даму көпсалалы институты шілденің 24-і Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішовке геодезиялық бақылаулар мен «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі 4, 5, 6 және 7/1 үйлердің құрылыс сапасын тексеруге қатысты есебін өткізді. Онда аталған үйлердің жалпы техникалық жағдайы апатты екенін айтылған. Ғимарат құрылысында кемшіліктер мен зақымданған тұстар бар делінген. Сонымен қатар, құрылыс алаңының жер қабаты құрылыс жүргізуге лайықсыз, аталған үйлердің құлап қалу қауіпі басым деп көрсетілген.