Грузия "Раушан гүлі революциясынан" бері бірінші рет шынайы саяси тартысқа куә болғалы тұр. Парламент сайлауы қазанның 1-і өтпекші.
Грузияның ең бай адамы һәм әйгілі меценаты Бидзина Иванишвилидің саясатқа араласуы мұң екен тып-тыныш йогамен айналысып, отбасылық өмірін көптің назарынан таса ұстағысы келетін бизнесменнің жүріс-тұрысына дүрбі салушылар көбейді.
Қазіргі президент Михаил Саакашвили бастаған Біріккен ұлттық қозғалыспен бәсекеге түскен "Грузия арманы" атты оппозициялық коалицияның жетекшісіне айналған Бидзина Иванишвили парламент сайлауының видеоролигінде өзін қарапайым жан ретінде суреттейді.
"Өзімнің кедейлікте өсіп, кедей ауылда тұрғанымды енді біліп жатырмын. Бала кезімде мұның көбі байқалмайтын. Жалаңаяқ шапқылап жүрген шағымда кедей екенімді сезбейтінмін де. Ең бастысы, еркін өмір сүрген екем. Балалық шағымды сағынам" деп әсерлене сөйлейді ол.
56 жастағы оппозиция жетекшісінің саяси имиджіне бұл роликтің қалай әсер етері әлі белгісіз. "Грузия арманы" 150 орындық парламенттің басым бөлігін иеленеміз деп үміттенеді.
"ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕСІ"
Жеке дәулеті 6.4 миллиард АҚШ доллары деп бағаланатын Бидзина Иванишвили премьер-министр болып сайлануға мақұл.
Бірақ миллиардердің төңірегіне жиналған саясаткерлердің ішінде де үкімет басқаратындай тәжірибесі барлары жеткілікті. Грузияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшілері және АҚШ-тағы елші қызметін атқарған елдің қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы басшысы сияқты тұлғалар да "Грузия арманын" жүзеге асырғысы келеді.
Оппозициялық қозғалыстан іргесін аулақ салғандардың көпшілігі Бидзина Иванишвилидің саяси тәжірибесі жоқ екенін айта береді.
"Грузия арманының" өкілі Майя Панджикидзенің пікірі бөлек.
- Иванишвили бұрын-соңды ешкімнің қолынан келмеген іс жасады. Оппозицияның басын біріктіріп, алты партиядан тұратын коалиция құрды. Саяси бағыты әртүрлі адамдарды жарастыра білді. Саяси тәжірибе деген осы емес пе? - дейді ол.
КООПЕРАТИВТЕН - КОРПОРАЦИЯҒА
Иванишвили Грузияның батысындағы Хорвила деген ауылда туып-өскен. Механикалық зауытта кооператив ашып іскерлік жоба бастаған ол Тбилиси университетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітіріп, Мәскеуде докторлық қорғайды.
Совет Одағы құлаған кезде Ресейде қалып компьютер сатады. Кейін "Российский кредит" банкін құрады. Бар дәулетін Ресейде тапқандықтан оны Грузияның ұлттық мүддесін сатып жіберуге әзір Кремльдің жансызы деп айыптайтындар бар.
Иванишвилидің өзі Ресеймен ешқандай байланысы жоқ екенін айтумен келеді. Ресей азаматтығынан бас тартып, сырттағы кәсіпорындарын сатып, соңғы 10 жыл бойы Грузияда тұрып келе жатқан бизнесмен туған елінде көптеген жобаларға демеушілік жасап үлгерген. Өзінің ауылын жаңадан қайта салып шығып, елдегі ең үздік ауруханалардың бірін салып берген.
- Соңғы 20 жыл ішінде Иванишвили сияқты Грузияға жәрдем еткен ешкім жоқ. Туған елінің қамын осыншама ойлайтын адам шет үкіметтің жобасы бола ала ма? - дейді Панджикидзе.
Миллиардер екеніне қарамастан, демеушілік жобаларына бола оны "ел ішінен шыққан өз адамымыз" деп ұнататын грузиндер және көп.
"СААКАШВИЛИДІҢ РЕЖИМІ ЕСКІРДІ"
Бірақ Михаил Саакашвилидің саяси риторикасы мен ерік-жігеріне үйреніп қалған жұрт йогамен шұғылданатын, ерте жататын, жеке зоопаркінде тауыс, пингвин мен зебра ұстайтын миллиардерге дауыс бере қоя ма екен?
Бидзина Иванишвили әйелі Екамен отасқалы 21 жыл өтсе де, жеке өмірі мен төрт баласына көптің назары түспегенін қалайды. Оның екі баласының альбинос екені ғана белгілі.
Иванишвилидің сыншылары миллиардердің саясатқа араласуы Грузиядағы балаң демократиялық ахуалға қатер төндіруі мүмкін деп қауіптенеді. Саакашвили де сайлаушыларды елді Батыспен интеграцияға түсіріп, НАТО-ға жақындатып, Ресейден тәуелсіз қылудың бірден-бір жолы Біріккен ұлттық қозғалысқа дауыс беру деп үгіттейді.
Бірақ кейбір адамдар мұнымен келіспейді. Колумбия университетінің ғалымы Линкольн Митчел Азаттық радиосына Саакашвилидің режимі міндетін өтеп болды деген пікір айтады. Оның ойынша, Иванишвили "Раушан гүлі революциясынан кейін елдің алғашқы саяси өтпелі кезеңнен өтуін оңайлатады.
- Он жыл өткесін Грузияның экономикасы күштірек болса, ел НАТО-ға мүше боп кірсе, зор табыс болар еді. Бірақ қазіргі басшылықтың әрекеттері мұндай мақсатқа жеткізетін жолға ұқсамайды. НАТО-ға кіруі үшін Иванишвилиді таңдағандары дұрыс. Сол кезде барып елде бейбіт түрде билік ауысқанын көрсете алар еді. Менің ойымша, Ираклий Аласания мен Тедо Джапаридзе (Иванишвилидің саяси серіктері - ред.) бұл мақсатқа жеткізуге қауқарлы саяси архитекторлар, - деді Митчел.