Соңғы бірнеше жылда Аджарияның Гонио деп аталатын көрікті ауылы Түркиядан және тағы басқа шетелдерден келетін секс туристер жиналатын мекенге айналып барады.
Тұрғындардың айтуынша, жүздеген шетелдік әйелдерді жазда жезөкшелікке салу үшін Қара теңіз жағасындағы ауылға алып келеді. Жезөкшелердің көбі - Орталық Азия мен Солтүстік Кавказдан шыққандар. Олардың біразын жезөкшелікке күштеп көндіреді.
Әр жаз сайын мыңдаған демалушылар Грузияның Қара теңіз жағасындағы тазалығы мен рим дәуірінен қалған ескі қамалы арқылы аты шыққан Гонио ауылына қарай ағылады. Алайда соңғы жылдары туристерді Гониоға мүлде басқа жайт қызықтырып тартып тұр.
Жергілікті тұрғындар бір кездегі берекелі мекендері жезөкшеліктің отанына айналды деп шағымданады. Оладың айтуынша, көпшілігі Орталық Азия мен Солтүстік Кавказдан келетін жүздеген шетелдік әйел жаз кезінде Гониоға үймелейді.
Жезөкшелер негізінен Грузияға визасыз кіре беретін Түркияның ерлеріне секс қызмет көрсету үшін келеді.
Гонио - Түркияның шекарасынан бар болғаны төрт-ақ шақырым жерде.
КӨНЕ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢА ҮРДІС
Ашық-шашық киінген қыз-келіншектер көшеде кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, клиенттерге ашықтан-ашық ишара қып тұрады дейді гониолықтар. Түркияның шекарасы мен Грузияның Қара теңізіндегі Батуми курортын жалғап жатқан үлкен жол осы ауылды қақ жарып өтеді.
- Гониода қандай бәлеге тап болғанымызды Аджария аймағындағы елдің бәрі біледі. Мына өзбек әйелдері ауылды шарлап, қыдырып жүр. Оларға балалар қарап тұр ма, жоқ па онымен шаруасы жоқ. Түрік еркектерімен бірге олар бүкіл Гонионы, керек болса бүтін Батумиді жайлап кетті, - дейді жергілікті бір тұрғын.
Бар болғаны үш-ақ мың адам тұратын шағын ауылда жезөкшелерді байқамау өте қиын. "Жезөкшелердің ауылда өріп жүруі біздің ар-намысымызды қорлайды және дәстүрлі өмір сүру салтымызды бұзады" деп алаңдайды тұрғындар.
- Ауылдағы адамдар "әйелдердің бәрі осындай болады екен" деп ойлай бастады. Біз өте намысшыл халықпыз. Егер бөтен еркек біздің әйелімізге, не болмаса көрші келіншекке тиіссе, онда ол пәлеге тап болады. Біз не себепті ауылымызда бұл жайтқа төзуіміз керек? - деді Мамука Малахмадзе есімді және бір тұрғын.
"БИЛІК КӨРМЕГЕНСИДІ"
Жергілікті жұрт Гонионы жайлап алған жезөкшелікті билік орындары көрмегенсіп отыр деп Грузия үкіметін айыптайды.
Олар тұрақты түрде секс туризмге қарсы пикеттер өткізіп жатыр, одан бөлек 450 адам жергілікті әкімге, Аджарияның әкіміне және Грузия президенті Михаил Саакашвилиге хат жолдады.
Билік өкілдері бұл проблеманы шешу үшін бірнеше әрекет жасаған.
Полиция әдеттегідей ешкімді ұстай алмай құр қол қайтып келсе де, жиі-жиі рейдтер өткізіп қояды. Жезөкшелердің рейд болардан бірнеше минут бұрын көзден ғайып болуы ауыл адамдарының полицияның өзі де сутенерлармен сыбайлас емес пе деген күдігін туғызады.
Грузия соты таяуда Аджарияда притон ұстағаны үшін бір адамды 15 жылға соттады.
Осы аптада Гониода жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған бір әзербайжан әйелге 60 доллар көлемінде айыппұл төлетіп, оны Грузиядан шығарып жіберді.
Алайда осы шаралардың бәрі Гониодағы жағдайды жақсарта алмаған.
"ӨЗ ШАРУАЛАРЫҢДЫ БІЛІҢДЕР"
Петицияға қол қойғандардың бірі Давид Коколадзе «секс туристер күннен күнге арсыз боп бара жатыр» дейді.
- Біз арызданып жатсақ, олар одан сайын батылдана түседі. Бізге «өз шаруаларыңды білсеңдерші» деп жұлып алғандай жауап береді. Енді клиенттердің арасында армяндар да пайда болды. Әйелдердің дені негізінен Өзбекстан, Дағыстан, және Шешенстаннан келеді. Мұнда не боп, не қойғаны бізге айдан анық көрініп тұрады. Себебі біздің күре жолмен шаруалардан бастап үкімет адамдарына дейін жүріп жатады, - деді Коколадзе.
Бәрінен де алаңдатыны - әйелдердің көпшілігін бұл жұмысқа мәжбүрлеп жеккен сияқты.
Таяуда жезөкшелік ісі бойынша сотталған кісі Грузияға бір өзбек әйелін "жергілікті шай фабрикасында жұмысшы боласың" деп алдап әкелгені үшін кінәлі деп табылды. Сот бұл адам ол әйелді жезөкшелікпен айналысу үшін азаптап көндіргенін мәлімдеді.
Өткен айда осы ауылдағы қырғыз келіншек өзіне-өзі қол жұмсап өлген кезде Гониодағы секс жұмысшылардың қиын ахуалы тағы да мәлім болды.
РЕСМИ ЕСЕП ПЕН НАҚТЫ ӨМІР
Грузия өткен жылдары өз жерімен тасылатын адам саудасына қарсы күресу үшін олардың жолын кесіп, тергеп, тексеріп, құрбандарды қорғайтын орталықтар ашып, қылмыстың алдын-алу жайында оқу-жаттығу жұмыстарын жасап, біраз шаралар өткізген.
АҚШ мемлекеттік департаменті 2012 жылғы маусым айында жариялаған адам саудасына қатысты баяндамасында Грузияны адам саудасын барынша шектеп отырған елдердің қатарына қосады.
Кейбір құқық қорғаушылардың айтуынша, Гонио ауылында жезөкшеліктің белең алып кетуі Грузияның адам саудасымен күресіне селкем түсіреді. Грузиядағы Халықтың үйлесімді даму ассоциациясы деп аталатын азаматтық топты басқарушы Нана Назарова:
- Егер Грузия баяндама бойынша бірінші қатарда тұрса, бұл негізінен саяси шешім болу керек. Себебі біз ондай жағдайға жеткен жоқпыз. Біздің заңдарымыз өте жақсы, құрбандарды қорғайтын орталықтар бар, оларды қаржыландыратын қор бар. Бірақ Аджарада көріп отырғанымыз - шектен шыққан жайт, - деді.
АҚШ мемлекеттік департаменті адам саудасымен күресі үшін Тбилисиге жылы лебіз білдіре тұрып, сонымен қатар "Өзбекстаннан және тағы басқа елдерден келіп, Грузиядағы коммерциялық секс саласында жұмыс жасап жатқандар ол жаққа күштеп апарылуы мүмкін" екенін де ескертіп өтті.
АҚШ үкіметінің баяндамасында бұдан бұрын негізінен транзиттік ел болып келген Грузияның енді ұрланған адамдарды жеткізетін елге айналып бара жатқаны жазылған.