Қарағанды облысы аумағындағы көмір өндіретін "Кировск" шахтасының 40-тан астам кеншісі жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілге шықты деп хабарлайды жергілікті кеншіге сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Кеншілер кәсіподағының қызметкері Дмитрий Поповтың айтуынша, бейсенбіде 44 жұмысшы кеніштен жер бетіне шығудан бас тартқан.
"Қазір шахтадағы оқиғаға байланысты жиналыс өтіп жатыр. Кеншілер талабының орындалатын, я орындалмайтыны туралы кейінірек белгілі болады" деді ол.
"Кировск" шахтасы "Гефест" көмір өндіруші кәсіпорындар ассоциациясының құрамында.