Еуропарламенттің Андрей Сахаров атындағы «Ой азаттығы» сыйлығына ирандық құқық қорғаушы Насрин Сотудэ мен кинорежиссер Джафар Панахи ие болды.
Иранда 2009 жылы билікке қарсы толқулардан соң сотқа тартылған оппозиционерлерді қорғаған заңгер Насрин Сотудэ былтыр "ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірді" деген айыппен 11 жылға сотталған.
Режиссер Джафар Панахи де сондай айыппен 6 жылға сотталып, 20 жыл бойы кино түсіру құқынан айырылған.
Сахаров сыйлығына үміткерлер ретінде бұл екі азаматпен бірге беларусь құқық қорғаушысы Алесь Беляцкий, ресейлік Pussy Riot панк-тобының үш мүшесі – Надежда Толоконникова, Мария Алехина және Екатерина Самуцевич ұсынылған еді.