Accessibility links

Үйінді астында қалған кеншілерді құтқарды


Шахта. Қарағанды. (Көрнекі сурет).
Шахта. Қарағанды. (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында шахтада үйінді астында қалған төрт кенші құтқарылды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Казахстанская" шахтасындағы төтенше оқиға бүгін таңғы сағат 4 жарым шамасында болған еді. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахтаның төбесі құлаған кезде үйінді астында қалған төрт кеншіні құтқарушылар жер бетіне аман-есен алып шыққан. Қазір кеншілер медициналық тексеруден өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG