Бүгін Қырғызстанда жергілікті кеңестер сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай 25 қала мен 416 ауылдық округте 2028 сайлау учаскесі құрылған.
Сайлау қарсаңында Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Тайырбек Сарпашев «әкімшілік ресурстарды пайдалануға бағытталған кез-келген әрекеттің жолы кесіледі, оған біздің саяси ерік-жігеріміз де, мүмкіндігіміз де жетеді» деп мәлімдеген еді.
Бішкек қалалық сайлау комиссиясының жетекшісі Қайрат Маматовтың айтуынша қалалық кеңес сайлауына қатысу үшін 23 партия құжат тапсырып, 13 партия тіркеуден өткен.Депутаттық мандатқа ие болуы үшін партиялар жеті пайыздық межеден өтуі тиіс.
Таңертең Бішкектегі сайлау учаскесінде дауыс берген Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Азаттық тілшісімен сөйлескен сөзінде "Қырғызстан үшін парламенттік демократиядан өзге жол жоқ" екенін мәлімдеді.