Таяуда қызметіне тыйым салынған оппозициялық "Голос Республики" газетінің материалдары оппозициялық "Азат" газетінде жарияланды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне "Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева хабарлады. Ол "Азат" газетінің соңғы саны электронды және баспа түрінде жарық көргенін айтады.
"Сот шешімі шыққанша "Голос Республики" журналистеріне газетті басып шығаруға тыйым салынды. Осы аптада бізге газетті баспа түрінде шығаруға "Азат" газетінің журналистері көмектесті" деп жазылған "Азаттың" бастапқы бетінде.
Бұған дейін Алматының Медеу аудандық соты бас прокуратураның бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарына тыйым салу туралы талабы бойынша "Голос Республики" газетінің қызметін тоқтатуға шешім шығарған еді. Осыдан соң редакция газетті электронды нұсқада шығаруға көшкен.