Ақтөбе облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Нұрлан Қалдығожин облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің діни әдебиеттер туралы қаулысы осыдан төрт ай бұрын қабылданғанын айтады.
Бірақ прокуратура қызметкерлері діни әдебиеттерді таратушы азаматтарға осы кезге дейін тек ескерту жасаумен шектеліп келгендерін айтты.
- Енді жаппай тексере бастаймыз. Өз бетінше діни кітаптарды таратушы тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылады. Олар үшін бекітілген айыппұл көлемі 50 айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл - 86 мың 550 теңге, - деді Нұрлан Қалдығожин.
СЕГІЗ ДҮКЕН
Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің директоры Бауыржан Есмаханның сөзіне қарағанда, арнайы бекітілген сегіз дүкеннен тысқары жерлерде рұқсат етілген діни әдебиеттердің өзін сатуға, таратуға болмайды.
- Ал дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген діни мазмұндағы материалдар тізімін дін істері агенттігінің ресми сайтынан алуға болады, - деді ол.
Ақтөбеліктер діни әдебиеттерді енді облыс орталығындағы «Нұрдәулет», «Нектар», «Березка» сауда үйлері мен «Мир» бизнес орталығынан, «Планета знаний», «Электрон» дүкендері мен «Әнуар», «Жилгородок» базарынан ғана сатып ала алады. Ал аудан орталықтарында бір-бір дүкеннен бекітілген.
«МАҒАН ЕҢ АЛДЫМЕН САУДА КЕРЕК»
Кәсіпкерлердің айтуларынша, прокуратура өкілдері діни кітап сататын дүкендердің бәрін жиі-жиі тексеріп тұрады.
- Ара-тұра дін істері жөніндегі департаменттің, кейде ұлттық қауіпсіздік комитетінің жігіттері келіп, кітап сөрелерін асықпай шолып шығады. Мен ес білгелі сауда саласында келе жатқан адаммын. Кімнің кім екенін оп-оңай ажырата аламын. Тексерушілер екенін түсініп, сауалдарының бәріне жауап беруге тырысамын. Әзірше тіл табыспай қалған кезіміз жоқ, - дейді «Нектар» сауда үйіндегі тек исламға қатысты әдебиеттерді сататын «Мүслима» дүкенінің иесі Қарлығаш Орынбасарқызы.
Ол кісі діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды (диск, күнтізбе, т.с.с.) Ақтөбеге Алматы қаласынан әкелетінін айтады. Сөреге «Хикмет», «Мұсылман», т.б. баспа үйлері мен жекелеген серіктестіктердің баспаханаларынан шыққан түрлі кітаптар қойылған. Ресейде шығарылған орыс тіліндегі әдебиеттер де бар.
- Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) тыйым салынған әдебиеттердің тізімін жасады. Кітап сатып аларда сол тізімге сүйенемін. Кей кітаптардан күмәнданып қалсам, бас имамның кабинетінен бір-ақ шығамын. Мен кітапханашы емеспін. Маған ең алдымен сауда керек, - дейді өзі де дін жолын ұстанатынын айтқан кәсіпкер әйел.
«САЯСИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АСТАР»
ҚМДБ-да тыйым салынған әдебиеттер тізімі бар екендігін Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков те растады. Бас имамның сөзіне қарағанда, ол тізім үнемі толығып отырады.
- Джихадқа шақыратын кез келген кітапты, «Хизб ут-Тахрирді» және салафизм мен ваххабизмді насихаттайтын, Ахмадия мен Махдия кітаптарын оқуға тыйым салынған. Мұндай кітаптар 9-10 ғасырда да болған. Бола да береді. Бір қарағанда діни боп көрінгенімен, бұл кітаптардың саяси-идеологиялық астары бар. Әзірше ақ-қараны айыра алмайтын Қазақстан мұсылмандары ҚМДБ рұқсат берген Әбу Ханифа мазхабы бойынша жазылған кітаптарды ғана оқуы керек, - дейді Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков.
Ал кейбір ақтөбеліктер діни әдебиет саудасының бұлай "реттелуіне" қатысты өзгеше пікір айтады.
- Діни әдебиеттердің арнайы дүкендерде ғана сатылуы - исламды ұстанатын азаматтарға билік пен күштік құрылымдар тарапынан бақылаудың күшейгендігінің тағы бір дәлелі. Бұл қауіпсіздік үшін керек те болар? Бірақ мен оны мүлдем құптамаймын! Ішер ас, киер киімім секілді рухани азығымды да өзім таңдауға хақым бар, - дейді "алты жылдан бері дін ұстанып жүргенін" айтқан ақтөбелік құрылысшы Нұржан Бесайдаров
Ол өзінің заңға бағынатынын, бірақ заңдардың қарапайым азаматтың талғамы мен қажеттіліктерін ескеруі керек екенін атап өтті.
- Әртүрлі әдебиетті оқып, салыстырып көрген соң ғана кімнің кім, ненің не екенін білесің. Осы елдің азаматы ретінде заңға бағынамын. Сыйлаймын. Бірақ сол заңның адамдары менің де талғамым, қажеттіліктерім бар екенін ескеруі тиіс. Мен неге біреудің нұсқауымен жүріп-тұруым керек? - дейді Нұржан Бесайдаров.
2011 жылы қазан айында қабылданған дін туралы заңның 9-бабы бойынша, «Қазақстан азаматтарының діни әдебиеттерді алып, пайдалануға құқығы бар болғанмен, оны тек ерекше ғимараттарда ғана, сонымен бірге облыстық стационарлық орындарда ғана тарата алады».