Француз және Мали әскері исламшыл топты ығыстырып, Малидің Тимбукту қаласына кірді. Франция билігінің хабарлауынша, біріккен әскер мен исламшыл топтар арасында ұрыс болмаған.
Бірақ әскерилер исламшылдар кетер кезінде қаладағы ескі бағалы қолжазбалар сақталған кітапханаға өрт қойып кеткенін айтады. Құнды жәдігерлерге қаншалықты зақым келгені әзірге белгісіз.
БҰҰ-ның мәдени ұйымы - ЮНЕСКО Тимбуктуды дүниежүзілік қорғауға алынған қалалар тізіміне қосқан еді. Франция президенті Франсуа Олланд біріккен күштер исламшылдарға қарсы операцияларда "жеңіске жетіп келе жатқанын" айтады.
Франция әскерилері Африканың солтүстігіндегі Малиге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауы бойынша осыдан екі апта бұрын кірген.