Алматының Алмалы аудандық соты «Аман-саулық» қорының жетекшісі Бақыт Түменованың шағымын қанағаттандырған жоқ. Қаңтардың 28-і күні басталған сот 30-ы күні осылайша аяқталды.
БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП БІТКЕН ІС
2012 жылғы желтоқсанның 19-ы күні «Аман-саулықтың» Алматы қаласындағы кеңсесін қалалық ҰҚК тергеу басқармасының қызметкерлері тінтіп шыққан. Тінту кезінде қор қызметкерлері де, оның жетекшісі де болмаған. Бақыт Түменованың сөзінше, ҰҚК қызметкерлері кеңседен барлық техниканы (компьютерлер, диктофон, фото және бейнекамералар), тіпті тоңазытқышты және құжаттарды тәркілеп әкеткен.
Бұл іске қатысты ресми органнан ешқандай ақпарат ала алмаған Бақыт Түменова істі сотқа беріп, тінту жүргізген Руслан Баймаковтың әрекетін заңсыз деп тануды және тәркіленген мүліктерді қайтаруды сұраған еді.
Істі қараған судья Гүлшахар Чинибекова, «кеңседе тінту жүргізген Руслан Баймаковтың әрекеті заңды» деген шешім шығарды.
- Себебі «Баймаков Маңғыстау облыстық ҰҚК департаментінің тапсырмасы бойынша тінту жүргізген» екен. Яғни ол тек тапсырманы орындаған болып шықты. Ал екінші мәселеге қатысты, мүліктеріміз сараптама жасау үшін Актауға жөнелтілген, енді біз мүлкімізді сол жақта даулауымыз керек, - деді Азаттық тілшісіне сот үкімін көрсеткен Бақыт Түменова.
Бұл мәселеге қатысты Руслан Баймақов ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтып, қажет болса «Астанаға ресми сауал жолдаңыз» деп кеңес берді.
«ТОҢАЗЫТҚЫШ СӨЙЛЕЙ АЛАДЫ МА?»
Маңғыстау облыстың ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті шетелде жүрген оппозицияшыл қоғамдық белсенді Мұратбек Кетебаевқа қатысты іс қозғап, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. «Аман-саулық» жалдап келген кеңсенің иесі – Мұратбек Кетебаев. Сондықтан Маңғыстау облысының ҰҚК департаменті кеңседе тінту жүргізу бойынша алматылық әріптестеріне тапсырма берген.
- Маңғыстау облыстық ҰҚК департаментінің қаулысы емес, оның орындалуы «заңсыз жасалды» деп отырмыз. Ал сот бізге қаулы «заңды» яғни оны орындаған қызметкердің де әрекеті заңды деп отыр. Дегенмен тінту жүргізудің өз ережелері бар ғой, ол да заңда көрсетілген. Біздің заттарымызды, мүлкімізді түгел тәркілеп кетті. Мейлі, компьютерден мүмкін қандай да бір ақпарат алуға болатын шығар, ал тоңазытқыштан қандай ақпарат алуға болады? Ол не сөйлейді ме?- деді Бақыт Түменова.
Маңғыстау облыстың ҰҚК департаменті өкілі Талғат Толықбаев Азаттық тілшісіне толық түсініктеме беруден бас тартты, дегенмен мүлікті қайтаруға қатысты қысқаша жауап берді.
- Біз өткенде Түменоваға ұсыныс жасағанбыз, алдымен ұсақ-түйектерін алып кетеді, одан кейінгі мүліктеріне тиісті құжаттарын алып келіп көрсетсін, сосын оларды да қайтарамыз, - деді Талғат Толықбаев.
Бақыт Түменованың айтуынша, мүліктердің арасында «Сорос» қоры сынды ұйымдар сыйлыққа берген компьютер мен техника көп. Ол ондай құрал-жабдықтардың құжатын қайдан алатынын білмейтінін айтады. Түменова үкіммен келіспейтінін жене аппеляциялық шағым дайындап жатқанын ескертті.
Оның сөзінше, қазір кеңсесі жабық тұр, ал қордың оншақты қызметкері үйлерінде жұмыс істеуге мәжбүр.
«Аман-саулық» қоры 2007 жылдан бері Қазақстандағы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау саласында және қамау орындарында адам құқығын қорғаумен айналысып келе жатқан коммерциялық емес қоғамдық ұйым.
Мұратбек Кетебаев – тіркелмеген және былтыр қазақстандық сот шешімі бойынша «экстремистік ұйым» деп танылған «Алға» партиясының үйлестіруші комитеті төрағасының орынбасары. Ол – Қазақстанда қызмет көрсетуіне тыйым салынған K+ телеарнасы басшыларының бірі Бақытжан Кетебаевтың ағасы.

Біз өткенде Түменоваға ұсыныс жасағанбыз, алдымен ұсақ-түйектерін алып кетеді, одан кейінгі мүліктеріне тиісті құжаттарын алып келіп көрсетсін, сосын оларды да қайтарамыз.