Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы туралы екі түрлі жиын


«Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері мен саяси сабақтары» атты ғылыми-конференцияға қатысып отырған билік өкілдері. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
«Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері мен саяси сабақтары» атты ғылыми-конференцияға қатысып отырған билік өкілдері. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
«Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімі мен жоғары оқу орындары қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері мен саяси сабақтары» атты ғылыми-конференцияға ғалымдар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жастар қатысты.

ОҚЫЛМАЙ ҚАЛҒАН БАЯНДАМА

Конференцияда қазақ жері патшалық Ресей құрамына енгеннен Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанға дейін болған 300-ден астам көтерілістер туралы баяндамалар жасалды.
«Жаңаөзен оқиғасының құқықтық бағасы» деген баяндама жасауы тиіс болған тарихшы Болатбек Нәсенов. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
«Жаңаөзен оқиғасының құқықтық бағасы» деген баяндама жасауы тиіс болған тарихшы Болатбек Нәсенов. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Конференция бағдарламасында «Жаңаөзен оқиғасының құқықтық бағасы» деген тақырыппен соңғы баяндаманы тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсенов жасайтыны хабарланған еді.

Бірақ ол кісіге жиынның ортасында сөз беріліп, тарихшы Абыралы көтерілісі туралы айтып шықты.

Тақырыптың өзгеріп кетуінің себебін Азаттық тілшісі конференция соңынан баяндамашының өзінен сұрады. Оған «баяндаманы басқа тақырыпта жасайтыны» жиын басталар алдында ғана ескертіліпті.

– Жаңаөзен туралы екі нәрсені айтуға дайындалып келген едім. Біріншісі, біздегі оппозиция болсын, билік болсын - осы Жаңаөзендегі оқиғаның төркіні екі жыл бұрын басталған деп жүр. Ал мен ондағы жұмысшылардың жағдайын 2007 жылы 5 қазанда өзім Жаңаөзенге кітаптарымды өткізуге барғанда, сол кездегі басшы Жалғас Бабахановтың өз аузынан естігенмін. Ол маған мұнайшылардың жағдайы
Конференцияға қатысып отырған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов (сол жақта) пен жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов (оң жақта). Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Конференцияға қатысып отырған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов (сол жақта) пен жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов (оң жақта). Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
өте ауыр екенін, еңбекақы мәселесіне бас қатырып отырғанын айтқан еді. Сонда бұл 2006 жылдан бері келе жатқан әлеуметтік проблема, оны мұнай-газдың адамдары шешуі керек еді. Екіншіден, мәселе ол жерде жұмысшылардың нақты алған еңбекақысының мөлшері басшылардың қағаз жүзінде көрсеткенінен өзгеше болып шыққанында. Ал Жаңаөзендегі халыққа қару қолдануды Теміртауда болған оқиғамен салыстырамын. Атуға бұйрық бергендерді іздеу керек еді, оларды іздемеді, осыларды кеңірек айтқым келген еді, – деді Болатбек Нәсенов.

Азаттық тілшісі осы конференцияның модераторы, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшановтан Жаңаөзен оқиғасы туралы баяндаманың орнына басқа тақырыптың шығып кету себебін сұрады.

– Біз Жаңаөзен тақырыбына баяндама жасауға бір-екі адамды шақырғанбыз. Бірақ олардың бірі келмеді, екіншісі жиынның қазақ тілінде өтетінін естіген соң өзінің орыс тілінде ғана сөйлейтінін сылтау етіп, бүгінгі жиынға қатысудан бас тартты, – деді Рахман Алшанов.
Конференция бағдарламасының фотокөшірмесі. Суретті бассаңыз, үлкейеді. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Конференция бағдарламасының фотокөшірмесі. Суретті бассаңыз, үлкейеді. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.

«Бағдарламада Жаңаөзен тақырыбына баяндамашы ретінде аты-жөні көрсетілген адам қазақ тілінде сөйлейтін ғалым ғой. Ол жаңа ғана Абыралы туралы қазақ тілінде сөйлеп шықты емес пе? Ол кісі бұл тақырыпқа сөйлеуге дайындалып келіпті» деген сауалға Алшанов:

– Енді ол кісі қол көтерсе, беретін едік. Егер сөйлеймін дейтін адам болса, ешкім қарсы болған жоқ қой, - деді.

Журналист пен Рахман Алшановтың арасындағы әңгімені естіген орта жастағы адам:

- Кезінде Колбин кеткенше 1986 жылғы желтоқсанды ауызға алуға қорқатын едік, Жаңаөзен тақырыбын да қазіргі билік ауыспайынша, жұрт айтуға жасқанады, - деді.

Алайда ол адам Азаттық тілшісіне өз аты-жөнін айтқысы келмеді.

«МЕМЛЕКЕТТЕ ІШКІ САЯСАТ ТОҚЫРАДЫ»

«Аман-саулық» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жаңаөзен: оқиғаға бір жылдан кейінгі баға беру» атты дөңгелек үстелге оппозиция өкілдері, құқық қорғаушылар мен экономистер, әлеуметтанушылар – жиыны 20 шақты адам қатысты.

Шара кезінде Жаңаөзен оқиғасы туралы орыс тілінде түсірілген «Обратный отсчет» фильмі көрсетілді. Фильмде Жаңаөзен оқиғасына қоса мұнайшылардың басқа да ереуілдері қамтылған.
Экономист Меруерт Махмұтова. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Экономист Меруерт Махмұтова. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Жиында сөз алған экономист Меруерт Махмұтова Жаңаөзен оқиғасына әлеуметтік-экономикалық жағдай себеп болғанын айта келіп:

- Мемлекетте ішкі саясат тоқырауға ұшырады. Билік халықты жоспарға толы бағдарламаларымен алдап келді. Мұнайшылардың еңбегі қаналды. Соңы толқуға ұласты, - деді.

«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосановтың ойынша, Жаңаөзен оқиғасына саяси факторлар себеп болған.

- Еуропада халық көшеге шығып митинг ұйымдастырып, кейде құқық қорғау органдарымен қақтығысып қалады. Бірақ ешқайсысы халыққа оқ атқан жоқ. Билік өзгермесе, Жаңаөзен оқиғасы Қазақстанның басқа бөлігінде болуы мүмкін, - деді ол.

Ал шараға келген ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев «қазақ пен орыс билігінің еш айырмашылығы жоқ» екенін айтты.
Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.

- Екі елдің билігі де тоталитарлық жүйеге көшіп барады. Олар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге талпынбайды, - деді ресейлік саясаткер.

Қазақстандағы «Генералдар кеңесінің» төрағасы Рүстем Қайдаров:

- Жаңаөзен оқиғасынан кейін мәжіліс депутаттарынан «Жаңаөзен оқиғасы қайталанбас үшін парламентте қандай да бір шара жасалып жатыр ма?» деп сұрағанымда, олар «бұл біздің сайлау учаскеміз емес» деп жауап берді, - дейді.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында болған оқиғадан 17 адам (ресми есеп) қаза тауып, жүздеген адам жараланған еді. Ол оқиғаға қатысты 37 мұнайшы жауапқа тартылған. Сот оларға үкімді 2012 жылы маусымның 4-і күні шығарды: 37 айыпталушының үшеуі толық ақталды, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушы шартты жазаға кесілді, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақаланы әзірлеуге Азаттық тілшісі Руслан Меделбек қатысты.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG