"Орталық Азия аумағында террористік және экстремистік ұйымдардан келетін қауіп әлі бар" деп мәлімдеді бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев.
Бұл жайында ол Астанада өткен Орталық Азия елдері шекара қызметі жетекшілерінің аймақтық үшінші жиынында айтты.
"Бізді террористік және экстремистік ұйымдардың белсенділігінің НАТО күштерінің Ауғанстаннан шығарылуы қарсаңында да сақталып отырған алаңдатады" деді ҰҚК төрағасы.
Бұл бағытта аймақ елдері бірлесе қимылдауы қажет екенін айтқан Әбіқаевтің сөзіне қарағанда, "террористік ұйымдардың қызметі есірткі контрабандасымен тікелей байланысты".
Жиынға қатысушылар аймақ елдерінің сыртқы шекараларындағы қауіпсіздікті күшейту, жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру шараларын бірлесе атқару мәселелерін талқылаған.
Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан және Ауғанстанның шекара қызметтерінің басшылары, ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өкілдері қатысып отыр.