Неміс драма театрымен тамырлас Еуропа драматургиясының театры (ЕДТ) қазіргі неміс драматургы және режиссері Мариус фон Майенбургтің «Кемтар» спектаклімен ашылды.
Пьеса желісі қазіргі қоғамның «қалай жүріп-тұру керек, не оқу керек» деген қағидалары ықпалымен өзіндік келбетін жоғалтқан жан туралы философиялық тәмсілге құрылған. Бұл – тұтынушылық кесапатына тұншыққан қоғамдағы адам бодандығын мысқылдайтын қойылым.
Алматыда «Кемтар» спектаклін көрерменге неміс драма театрының (DTA) актері және режиссері ретінде жақсы таныс Кубанычбек Адылов сахналады. Былтыр DTA-да қойылған оның екі пьесасы Қазақстанда өткен екі театр фестивалінде ең үздік режиссерлық қойылым деп танылды. Облыстық театрлар оны спектакль қоюға жиі шақырады. Енді мемлекеттік қуыршақ театрының бас режиссері көрерменге қызықты қойылымдар ұсынатын болар.
Еуропа драматургиясы театры – 12 адамның жалаң құлшынысынан туған жаңа жоба. «Қазақтардың ешқашан еуропалық болмайтыны сияқты, біз де еуропалық театрға айналмаймыз. Бірақ ЕДТ – бұл драматургияға деген біздің көзқарамыз» деді Кубанычбек Адылов интернет-сайттардың біріне берген сұқбатында.
КӨҢІЛІҢ ҚАЛАҒАН ДҮНИЕНІ ҚОЮ
Азаттық тілшісімен әңгімеде Кубанычбек Адылов ЕДТ-ын «театр деп атауға әлі ертерек» деп ескертті.
— Құр құлшыныспен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекетке тәуелді болғымыз келмейді. Өз-өзімізбен болсақ дейміз. ЕДТ-ын құрудағы мақсатымыз – міндеттелген дүниені емес, көңілің қалаған нәрсені қою, – деді режиссер.
Спектакльде DTA-ның қазіргі немесе бұрынғы актерлері ойнайды. Олардың екеуі жақында құрылған diWel актерлік шеберлік студиясында сабақ береді. «Кемтар» спектаклінің премьерасы осы студияда өтті. Студия Алматыдағы ғимараттардың бірінің жертөлесінде орналасқан. Онда көрермен көзіне үйреншікті сахна мен подиум жоқ. Көрермен қол созым жердегі сахнада еркін жүріп-тұрып, диалог-монолог жүргізетін актерлердің ойынына өзі қатысып жатқандай әсер алады.
Спектакльде декорация аз, негізгі әсер мәтін арқылы беріледі. Қазір Еуропаның бірқатар ұлттық театр мектептеріне осы тәсіл тән. Актерлердің ойынында мәнерлілік (экспрессия) басым. Алматыдағы ЕДТ-ның «Кемтар» премьерасының табысты өтуіне қойылым барысындағы бір диалогтан екіншісіне күрт ауысу, сахнадағы ерсілі-қарсылы жүрістер, сюжеттің қисынсыздығы мен күлкі шақыратын тұстарының, мәтіндегі әзіл-сықақтың молдығы көмектесті.
Көрермен залы Алматы театрларындағы қойылымдардың академиялық сарынынан жалыққан және мына театрдан қазіргі авторлардың осы заман тақырыбын көтерген спектакльдер күтетін жастарға толы болды.
КӨШПЕЛІ ТЕАТР
Өзінің тұрақты баспанасы жоқ жалғыз театр ЕДТ ғана емес. Жетінші жыл жұмыс істейтін «Лица» жастар театрының да өз ғимараты жоқ.
Актер әрі режиссер Андрей Кочинов Азаттық тілшісіне театрдың қазір «АRТиШОК» андерграунд театрымен бірге тұрғын үй ғимаратының жертөлесін паналап отырғанын, спектакльдері сол жерде өтетінін айтты.
Баспанасыз жұмыс істеп жатқанына бірнеше жыл болған неміс драма театрының (DTA) бұрынғы, қазіргі актерлері басқа театр сахналарында, мысалы ЕДТ сияқты эксперименттік театрлардың спектакльдерінде ойнап жүр.
Өзінің 30 жылдан асатын тарихында DTA бір жерден екінші орынға көшіп жүр. Теміртауда құрылған бұл театр совет кезінде Горбачевтің «қайта құру» заманы аяқталар тұста Алматыға көшірілді. Бір жағынан бұл оның республикалық театр ретінде мәртебесін көтерді. Алайда театр өзінің негізгі көрермені – этникалық немістерден ажырап қалды. Немістер Алматыға қарағанда, Қазақстанның орталығы мен терістігінде тығызырақ қоныстанған.
Алматыға көшіп келген DTA-ны әуелі теміржолшылар мәдениет үйіне орналастырады. Біраздан кейін театр басқа бір мәдениет үйіне көшіп, сол жерде тұрақтайды. Театрдың тозығы жеткен ғимаратын жөндеу басталады. Бірақ кейін белгілі болғандай, DTA-ның бұрынғы басшылығы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны қолды еткен. Айыптылар сотталғанымен, қаржы бөлінбей, жөндеу жұмыстары тоқтап қалды. Әлгі жөндеу басталғаннан бері DTA театры өз спектакльдерін АРО мәдениет үйінің сахнасында қоюға мәжбүр.
Бұл тақырыптың жақында интернет-порталдардың бірінде қалай талқыланғаны өзі мен әріптестеріне ұнамағанын айтып, DTA театрының директоры және бас режиссері Ирина Симонова жөндеу жұмыстарына қатысты әңгіме қозғаудан бас тартты.
– Қазір біз бұл тақырыпты еш жерде қозғағымыз келмейді. Мәселенің соңғы нүктесі қойылмай, бұл жөнінде ештеңе айта алмаймыз, – деді Ирина Симонова.
«Жалға алынған орында ойнау театрдың шығармашылық деңгейіне қалай әсер етеді?» деп сұрады Азаттық тілшісі одан.
– Өзіңнің жеке сахнаң болмаса қиын. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз: жоспар орындалып, спектакльдер қойылып жатыр. Бірақ қиыны қиын, – деді Симонова.
Ал «жөндеу жұмыстары созылып кеткен ғимарат театрға қаншалықты лайықты еді?» деген сауалға ол:
– Шағын болғанымен, ол өзіміздікі еді. Ол жерде театрымыз да шағын, камералық болды. Сахнасы жоқ, көрермен мен актер арасын бөліп тұратын шекара болмады. Көрермен залында 88 орын болатын, – деп жауап берді Ирина Симонова.
DTA директоры және бас режиссерінің айтуынша, қазіргі ғимараттың сыйымдылығы – 300 орын. Әйткенмен жөндеу біткен соң залдағы орын санын көбейтіп, оларды сахнадан биіктету жоспары да бар. Театрды жөндеуді бітіруге қанша ақша қажет екенін білмейтінін айтқан Ирина Симонова: «бұл мәселе мамандар мен бағалаушылардың құзырында» дейді.
DTA бұрынғы орнында тұрған кезінде Алматыдағы Гете институтының көмегімен Германиядан арнайы режиссерлер шақыратын. Ирина Симонова енді «шеттен режиссерлер шақыратын орын жоқ» екенін айтады.
ШЕТЕЛГЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР
DTA шығармашылық ұжымының алғашқы құрамынде этникалық немістер болған. Бірақ олардың көбі 1990 жылдардың аяғында Германияға қоныс аударған. Қазір театрда жалғыз неміс әйелі қалыпты. Қалған актерлер неміс тілін ғана біледі.
DTA қойылымдары басқа тілдерде жиі өтеді. Тіпті театр жарғысындағы
спектакль тілі туралы тармаққа өзгеріс те енгізілген көрінеді. Бірақ неміс тілін насихаттау миссиясын DTA ұмытқан емес. Ирина Симонованың айтуынша, қазір неміс тілінде қойылатын жаңа пьесаның дайындығы жүріп жатыр.
Қазақстанда қалған этникалық немістер DTA-ны жақсы біледі және оның гастрольдерін күтеді.
— Қайда бармайық, неміс қауымы бізді қуана қарсы алып, спектакльдерімізге көрермендер ертіп әкеледі, – дейді Ирина Симонова.
DTA театрының Орал қаласына гастролі сәуірдің 17-сінде басталады. Статистика агенттігінің есебі бойынша, 2012 жылдың 1 қаңтарында Орал қаласында 666 неміс тұрған. Батыс Қазақстан облысының қалған бөлігінде осы шамада неміс ұлтының өкілдері тұрып жатыр.

Қайда бармайық, неміс қауымы бізді қуана қарсы алып, спектакльдерімізге көрермендер ертіп әкеледі.Ирина Симонова, DTA театрының бас режиссері