Accessibility links

Обама климаттың өзгеруімен күрес жоспарын ұсынды


Табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциясы. Бурбанк, Калифорния штаты. Көрнекі сурет.
Табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциясы. Бурбанк, Калифорния штаты. Көрнекі сурет.
АҚШ президенті Барак Обама көмірқышқыл газын шығаруды азайту, энергия көздерін сақтау және климаттың өзгеруі салдарына дайын болуға қатысты жоспарды ұсынды.

Джорджтаун университетінде сөйлеген Барак Обама АҚШ электр станцияларына ауаға шектеусіз көмірқышқыл газын шығаруға тыйым салу қажет екенін айтты. Ол қоршаған ортаны қорғау агенттігіне бұрыннан жұмыс істейтін және жаңа электр станцияларына парник газын түзетін улы қалдықтарды шығаруына шектеу қоюға тапсырма бергенін хабарлады.

Барак Обаманың айтуынша, ол конгрестен климаттың өзгеруіне қатысты заңнамалық актілер қабылдауды сұрағанымен, әзірге жауап болмай отыр.

АҚШ президенті жоспары бойынша, федералдық агенттіктер енді мемлекет меншігіндегі территорияларда қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды арттыру, қуат көздерін тиімді пайдалану және ел тұрғындарын қатаң табиғи жағдайға бейімдеуге дайындық шараларын қабылдамақ.
XS
SM
MD
LG