Санкт-Петербург соты гейлер құқықтарын қорғайтын "Выход" ұйымының жетекшісі Анна Анисимоваға "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін 300 мың рубль (9 мың 155 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.
Құқық қорғау ұйымының өзіне осыдан бір апта бұрын жоғарыдағыдай айыппен 500 мың рубль (15 мың 258 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынған еді.
Ресейде 2012 жылдың соңында қабылданған жаңа заң бойынша шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын барлық ұйымдар "шетел агенті" ретінде тіркелуі тиіс.
"Выходтың" заңгері ұйымның саяси қызметпен айналыспайтынын айтып, сот шешіміне шағымданатындарын білдірді.
Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch ұйымы сәрсенбіде Ресей билігін "үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру үшін даулы заңды қолданып отыр" деп сынады.
Сәуір айында Ресейдегі сайлауларға бақылау жасайтын тәуелсіз "Голос" ассоциациясына да "жаңа заң талабын орындамағаны үшін" 300 мың рубль (9 мың 155 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған еді.