Тамыздың 15-і күні Байқоңыр қаласында өткен отырысқа зымыран апаты зардабын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, «Роскосмос» мекемесінің Байқоңырдағы басқарма басшысы Анатолий Белоконь, т.б. комиссия мүшелері қатысты.
2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат орнындағы зиянды заттың шектік концентрациясы туралы екі елдің ақпараты екі түрлі. Қазақстандық мамандардың бағалауынша ол 660-тан 330-ға, ал ресейлік мамандардың есептеуі бойынша 130-дан 10-ға дейін төмендеген. Комиссияның алғашқы отырысы 2013 жылы шілденің 31-күні өткен еді.
Азаттық: Айдос мырза, сіз отырысқа қоғам өкілі ретінде қатыстыңыз. Қандай мәселелер талқыланды?
Айдос Сарым: Бұл жолы экологиялық мәселелер айтылды. Нақтырақ айтсақ, «Протон» құлаған жердегі гептил уын залалсыздандыру мәселесі қаралды.
Алғашқы отырыста «Роскосмосқа» апат орнында күнделікті мониторинг жасау, бірнеше сатылы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылған еді. Келісім бойынша қазір детоксикация жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды. Осы жұмыстар бойынша Қазақстан мамандары мен Ресей мамандарының есептері жеке-жеке тыңдалды.
«Роскосмос» өкілі Белоконь мырзаның айтуынша, «қоршаған ортаның ластану деңгейі азайып келеді». Тек 1 мың 500 шаршы метр көлемінде ғана улы орындар қалған.
Азаттық: Дегенмен екі елдің есептерінде айырмашылық бар. Апат орнындағы гептил мөлшерін екі жақ екі түрлі көрсетеді.
Айдос Сарым: Айырмашылық бар екені көрініп тұрды. Әрине, Ресей жағы ауаға, жерге келген залалды азайтып көрсеткісі келеді. Қазақстан мамандары сараптама қорытындысын біршама әділетті шығарды дегенге сенгім келеді.
Азаттық: Байқоңырда жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының нәтижесі жөнінде не айтылды?
Айдос Сарым: «Уланған жердің қаншасы залалсыздандырылды, қаншасы қалды?» деген мәселелер бойынша есептер тыңдалды. Ресейліктер залалсыздандыру жұмыстарының жалғасатынын айтты.
Бірақ оның қарқынына Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің көңілі толмады. Ресей залалсыздандыру жұмыстары үшін тағы 15 күн сұрады. Енді тамыздың аяғы не қыркүйектің басында үшінші отырыс болып, жүргізілген жұмыстар бойынша қорытынды жасалады.
Азаттық: Байқоңырдан қыркүйек айында тағы «Протон» зымыраны ұшырылатыны туралы ақпараттар болды. Бұл мәселе айтылды ма?
Айдос Сарым: Министр Қаппаров бұл мәселеге байланысты Қазақстан қоғамының алаңдап отырғанын айтып, «Роскосмос» өкіліне «апат салдарына байланысты мәселелер шешілмейінше зымыран ұшыру туралы әңгіме қозғай алмаймыз, осыны басшыларыңызға айтып барыңыздар» деп мәлімдеді.
Азаттық: Өткен отырыста айтылған, тұрғындарға төлемақы беру мәселесі талқыланды ма?
Айдос Сарым: Қазір қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі осындай апаттардың зардабын өтеуге қатысты методика жасап жатыр. Мұны министр Қаппаров айтып өтті.
Алдағы айда бұл мәселе Байқоңыр мәселесін талқылайтын мемлекетаралық комиссияға ұсыныс ретінде енгізіледі.
Бұдан бөлек, отырыста көтерілген тағы бір мәселе - Байқоңырдан экологиялық департамент ашу және Қазақстанның экологиялық талаптарын Байқоңырда да іске асыру. Мұны Байқоңыр туралы негізгі келісім-шартқа қосымша хаттама ретінде енгізіп, іске асыру туралы айтылды.
Азаттық: Бұл комиссия өткен жолғыдай қарапайым тұрғындармен кездесе ме?
Айдос Сарым: Бұл жолы тек есептерді тыңдау жоспарланған. Жұмыстардың нәтижесі 15 күннен кейін тағы талқыланады.
Азаттық: Сұхбатыңызға рахмет!