Бұл жиынға қоғам өкілі ретінде барған белсенді, саясаттанушы Айдос Сарымнан осы отырыс жайлы сұраған едік.
Азаттық: – Мемлекеттік комиссияның Байқоңырда өткен отырысында қандай мәселелер қозғалды?
Айдос Сарым: – Мемлекеттік комиссияның отырысына Қазақстан тарапынан лауазымды адамдар және ресейлік «Роскосмостың» басшылығы түгелдей дерлік қатысты.
Негізінен әртүрлі мәселелер қозғалды. Комиссияны бастап келген [вице-премьер әрі өңірлік даму министрі Бақытжан] Сағынтаевтың өзі бірнеше мәселені айтты. Соның бірі – жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелеріне Ресейдің назар аударуы. Мысалы, айлақта жүрген Ресей азаматтарына нақты төлемдер бар. Дәл осындай төлемдерді де Қазақстан азаматтарына төлеу жайлы әңгіме болды. Бұдан бөлек, «Протон» сияқты зиянды технологиядан бас тарту жағы талқыланды.
Сонымен бірге айлақты жалға алу мәселесі де қаралды. Жиында Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр айлағын пайдалануға қатысты мүлде жаңа келісім-шарт жасап, оны талқылап, алдағы жарты жылдың ішінде аяқтау керек деген әңгіме айтылды.
Азаттық: – Ресей тарабы бұл мәселелерге қатысты не деп жауап берді?
Айдос Сарым: – Шынын айту керек, Ресей тарабының көптеген жауаптары мардымсыз болды. Себебі, дағдыланып үйреніп қалған тәсілдері бар, түсініктері бар - содан аса алмай қалды. Көптеген мәселелерге келгенде айналма жауаптармен, айналма сөздермен құтылуға тырысты. Бірақ еститін әңгіменің бәрін естіді. Халықты алаңдатып отырған мәселелер айтылды.
Жиында айтылған жақсы бір нәрсе – экологиялық мониторинг жүргізу. Ресей тарабы «Егер айлақтың шын мәнінде адам денсаулығына әсер етіп отырғаны рас болса, онда дәлелдеңіздер. Дәлелдей алсаңыздар, қажетті төлемін төлейік» дейді.
Экологиялық мониторинг жүргізу мәселесі осыдан туындады. Сағынтаев денсаулық сақтау министрлігімен бірге бір айдың ішінде осы мәселелерді кешенді түрде зерттеп қарастыру туралы үкіметке тапсырма берді. Өз ойымша, жақсы экологиялық мониторинг жүргізіп, азаматтардың денсаулығы, қоршаған орта, ауыз су, тағы басқа әлеуметтік мәселелерін алдыға шығарып, оның ғылыми тұрғыда методикасын жасап шығарса, мәселені шешуге болады.
Азаттық: – Бұл жиынға Байқоңыр төңірегіндегі ауылдардың тұрғындары қатысты ма?
Айдос Сарым: – Бұл енді ресми жиын ғой. Бірақ күндіз біз үш ауданның тұрғындарымен әртүрлі дәрежеде кездестік. Осы жиынның алдында Төретам ауылындағы аурухананың алдында бір топ жергілікті тұрғын «Роскосмос» өкілдеріне сұрақ қойды. Тұрғындар негізінен денсаулықтарына байланысты сұрады. Көп адамдардың ресейлік ауруханаларға бара алмайтыны, жақын жерде басқа емханалар жоқтығы, зымыран ұшқаннан кейін азаматтардың денсаулығы нашарлайтынына байланысты көптеген сұрақтар қойды. Бірақ «Роскосмостың» жауаптары әдеттегідей мардымсыз болды.
Азаттық: – Мемлекеттік комиссияның қазақстандық шенеуніктер қатысқан отырысы Байқоңырда 2 шілдедегі зымыран құлаған оқиғадан кейін бір айдан соң өтіп отыр. Мұның қандай себебі бар?
Айдос Сарым: – Менің ойымша, олар экологтардың нақты жауаптарын күтіп отырды. Гептилдің жерге таралуы, ықпалы дегендей. Бірақ осы әңгімелердің айтылып, осындай үлкен дәрежеде көтеріліп жатқаны – менің ойымша, жақсы ырым. Қалай болғанда алдағы уақытта нәтижесін күтеміз.
Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

КӨРІҢІЗ: «Протон-М» құлаған аймақта