Кения әскерилерінің хабарлауынша, арнайы операция барысында Найробидегі сауда орталығында содырлар кепілге алған азаматтардың көпшілігі босатылды.
21 қыркүйекте "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Әл-Шабааб" тобының қарулы мүшелері сауда орталығына басып кіріп, біраз адамды кепілге алған еді. Соңғы деректерге қарағанда, 21 қыркүйектен бері 68 адам қаза тапқан.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, қорғаныс министрлігі "кепілге алынғандардың көпшілігі босатылып, сауда орталығының көп бөлігін қауіпсіздік күштері бақылауына алғанын" мәлімдеген. Бірақ сауда орталығында қанша адам ұсталғаны және неше адам босатылғаны айтылмай отыр.
Бұған дейін Associated Press агенттігі қаза болғандардың арасында АҚШ, Франция, Канада азаматтары мен Кения президенті Ухуру Кениаттың туыстары барын хабарлаған.
"Әл-Шабааб" тобы шабуылды "Сомалидегі халықаралық бітімгершілік операцияларына Кенияның да қатысқаны үшін жасағанын" мәлімдеді.