Accessibility links

АҚШ Әзербайжан сайлауын сынады


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жақтастарының қуанышы. Баку, 9 қазан 2013 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жақтастарының қуанышы. Баку, 9 қазан 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік департаменті Әзербайжанда өткен президент сайлауын "халықаралық талаптарға сай болмады" деп сипаттады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мари Харф Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының Әзербайжандағы сайлауға берген бағасына қолдау білдірді.

ЕҚЫҰ өкілдері Бакуде 10 қазанда өткен баспасөз жиынында "дауыс беру кезінде елеулі заң бұзушылықтар болғанын" мәлімдеген еді. Бақылаушылар 37 сайлау учаскесінде бюллетеньдер топтап салынғанын, 58 учаскеде дауыстарды санау кезінде заң бұзылғанын айтқан.

Бұған дейін Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы 9 қазанда өткен сайлауда берілген дауыстардың 80 пайызға жуығы саналып болғанын, қазіргі президент Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 85 пайызы қолдау білдіргенін жария еткен. Ал оппозициялық кандидат Жамиль Гасанлы шамамен 5 пайыз дауыс жинаған.
XS
SM
MD
LG