Осыдан 50 жыл бұрын Beatles тобының әншілері «Ақшаға махаббат сатып ала алмайсың» деген еді. Бірақ Ильхам Әлиев басқаратын Әзербайжан үкіметі 2005 жылы Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын іске қосқалы мемлекет қазынасын толтырған мол қаржы қазір Beatles-дың болжамын терістейтін сияқты.
Соңғы жылдары Әзербайжан сенімді әріптес екеніне Еуропа мен АҚШ саясаткерлерін сендіру үшін, әрі олар өзін «авторитарлық және негізгі адам құқықтарын құрметтемейтін ел» деп сынамас үшін миллиондаған долларды шығындап жатыр.
Қазан айының 30-ы күні Вашингтонда 600-ге жуық ықпалды тұлға түскі асқа жиналды. Бұл салтанатты жиынды Әзербайжан-Америка альянсы қаржыландырған. Бұл жиынға альянстың төрағасы және бұрынғы АҚШ конгрессмені Дэн Бертон да қатысқан. Асқа шақырылған ең құрметті қонақтардың арасында АҚШ-тың сенаторы және конгрестің 13 мүшесі бар.
«УЫЛДЫРЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫ»
The Conway Bulletin журналының Әзербайжан бойынша саяси сараптамашысы Джошуа Нунан да сол кеште қонақтармен бірге болды. Оның айтуынша, ол жерде бұрынғы конгрессмендер, Колумбия округіндегі БАҚ-тың ықпалды адамдары, Әзербайжан мүддесін қорғайтын біршама адам жиналған.
Бұл жиын – АҚШ-тағы ықпалды саясаткерлердің пікірін Әзербайжанның пайдасына қарай өзгерту үшін жасалатын «уылдырық дипломатиясының» бір әдісі. Ондай жиындарда қонақтарға ағыл-тегіл дастархан жайылып, көл-көсір сыйлықтар таратылады.
АҚШ-тың Әзербайжандағы бұрынғы дипломаты Ричард Каузларич Азаттық тілшісіне: «Мұндай қонақасылар Әзербайжан жайлы шындық пен бояманың арасындағы айырмашылықты әшкере ете береді» деді.
«Уылдырық дипломатиясы» деген терминді бірінші рет 2012 жылдың мамыр айында Оңтүстік-шығыс Еуропа мен Еуропа Одағы (ЕО) проблемарын зерттеумен айналысатын Еуропалық тұрақты бастамалар (ЕТБ) орталығы баяндамасында қолданған.
ЕТБ орталығының төрағасы және Әзербайжан жайлы баяндама жасаған Геральд Кнаус Азаттық тілшісіне бұл жобаның қалай пайда болғаны туралы айтып берді.
– Әзербайжандағы демократиялық ахуал мен адам құқықтары нашарлап кетті. Алайда еуропалық демократия мен адам құқықтары талаптарын қадағалап отыруға міндетті Еуропа кеңесі Әзербайжанды мейлінше аз сынап, көбіне үнсіз қалатын болды. Яғни сайлауға, саяси тұтқындарға, жалпы Әзербайжанның Еуропа кеңесі алдындағы орындауға міндетті адам құқықтарына қатысты мәселе көтерілгенде, Еуропа кеңесі немқұрайлы бола қалады. Біз осы үнсіздіктің себебін және оның қандай әдістермен ұйымдастырылып, қалай жұмыс жасайтынын ұғу үшін біраз тексердік, – дейді ол.
АҚШ-тың Бакудегі бұрынғы дипломаты, қазір Лондонда тұратын адам құқықтарын қорғаушы белсенді Ребекка Винсенттің айтуынша, Әзербайжанның осындай акцияларды көбейтуі оның жұмысын бұрынғыдан да күрделендіріп жіберген.
– Адам құқығын қорғаушы ретінде айтар болсам, кейбір еуропалық институттармен жұмыс жасау қиындап барады. Әсіресе Еуропа кеңесі және ЕО-мен арада түсініспеушілік туындай бастады. Біз адамдардың тапталған құқығы бойынша мәселе көтергенде, кейбір саясаткерлер ұстанған позициясын өзгертіп шыға келетін болды, – деді.
ЕТБ төрағасы Кнаустың ойынша, Бакудың пиар акциялары өте жүйелі және өте қарқынды түрде жүріп жатыр.
– «Уылдырық дипломатиясының» миссиясы – барынша көп адамды қонаққа шақырып, жақсы достар табу. Әзербайжанның үкіметтік емес ұйымдары не үкіметтің өзі Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының он шақты мүшесін жыл сайын қонаққа шақырады. Олардың құрамында ықпалды лоббилер бар. Олар бұрынырақ Еуропа кеңесінде жақсы қызметте отырған адамдарды лобби ретінде ұсынады не олармен таныстырып беруге уәде етеді. Жаңадан қосылғандарға «егер сен де біздің сөзімізді сөйлесең, саған да жақсылап ақы төлейміз» дегенді ұқтырады, – дейді ол.
«ӘДІЛ САЙЛАУ»
ЕТБ баяндамасына қарағанда, қонақтардың құрамында Германияның христиан демократиялық ұйымының адвокаты, 2009 жылдың наурыз айында мерзімі біткен президенттің мандатын созып, президент Әлиевтің билікте тағы да қалуына жол ашқан, Әзербайжандағы референдумды бақылаған Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы делегациясының мүшесі Эдуард Линтнер де бар.
Ол ұйым делегациясының берген ақпаратында сынға ұшыраған референдум жайлы «Әзербайжан халқының болашақ демократияның алғы шарттары мен мызғымас тұрақтылықты сақтап қалғысы келетінін көрсетті» делінген.
Эдуард Линтнер 2009 жылдың соңында Германия мен Әзербайжан қарым-қатынасын дамытатын қоғамның (GEFDAB) төрағасы болу үшін Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясындағы қызметінен кеткен. Сарапшылар «атқаратын міндеті анық емес бұл ұйым Бакудің мүддесін қорғау үшін құрылған» дейді.
Әлиев айқын басымдылықпен үшінші мерзімге президент боп сайланатын сайлау науқанын бақылауға келген бұл ұйымды Бельгияда тіркелген үкіметтік емес ұйым қаржыландырған. Олардың міндеті – сайлауға «әділ, ашық, демократиялық жолмен іске асты» деп баға беру.
Бакудің лоббилік әдістерін күшейтіп, қоғамдық пікірді өзгерту үшін ірі қоғамдық институттарды да пайдаланғысы келеді.
Президент сайлауынан бір ай бұрын Брюссельдегі ESISC орталығы асығыс жазылып дайындалған, «Әзербайжан: Тиімді басқарудың моделі» деп аталған баяндама жариялады. Ағылшын тілінде сауатсыз жазылған бұл баяндамада «Әзербайжан – қоғамы тұрақталған жайлы ел. Әзербайжанда ЕО-ға мүше елдердің талаптарына сай келетін әйелдер құқығы жолға қойылған. Баку діни азшылықтарды ерекше құрметтейді» деп сипаттаған.
ESISC-дің сайтында «біздің орталық жекелеген тұлғалардың тапсырысымен баяндамалар, сараптамалар, клиенттердің айналысатын саласына орай қажетті ақыл-кеңестер береді» деп жазылған. Бірақ олар «Әзербайжан туралы баяндамаға кім тапсырыс берді?» деген сұраққа жауап бермейді.
Қазір Бакудің Еуропаға қолданған «уылдырық дипломатиясы» жемісін бере бастаған сияқты. Қаңтар айында Кристоф Страссер есімді арнайы баяндамашы Әзербайжанда саяси себеппен 85 адамның сотталғанын анықтап, оларды босатуға шақырып, баяндама жасағанда Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының 175 мүшесі қарсы болып, 79-ы ғана қолдаған.
Еуропа парламентінде Германияның атынан мүше болып отырған Страссер 2009 жылы арнайы баяндамашы етіп тағайындалған соң Баку оған Әзербайжанға кіруге виза бермей қойды.
Көбіне Бакудың «уылдырық дипломатиясы» Әзербайжандағы соңғы президент сайлауы кезінде көбірек пайда келтіргендей. ЕТБ-тің ақпараты бойынша, Бакудегі президент сайлауын бақылауға 50 шақты тәуелсіз топ жіберілген. Бакуге барған 50 ұйымның 49-ының аты белгісіз. Олардың көбі осы сайлауды мақтаған Линтнердің GEFDAB ұйымы сияқты, Әзербайжанның үкіметтік емес ұйымдарымен байланысты боп шықты.
ЕЫҚҰ ғана «бұл сайлау халықаралық және демократиялық нормаларға сәйкес өткен жоқ» деп сынады. Осыдан соң Баку бұл ұйыммен қарым-қатынасты үземіз деп ескерту жасады.
АҚШ-ТАҒЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ЛОББИІ
Бұрынғы АҚШ дипломаты Ребекка Винсент көптеген еуропалық заңгерлерді «этикаға қайшы іспен шұғылданады» деп айыптайды.
– Бұл адамға жағымсыз әсер қалдырады. Демократиялық елде негізгі адам құқықтары мен еркіндігінің рахатын көріп отырған, батыстық саясаткерлердің авторитарлы режимге қолдау көрсеткені – өз азаматтарының да құқықтарын сыйламағаны. Олар Батыстағы сайлаушылардың ойына да кіріп шықпайтын мүдделерді қорғап жүр. Бұл – өте жаман құбылыс, – дейді ол.
Әзербайжан-Америка альянсының міндеті Бакудің әрекетін Еуропада да жалғастыру болса керек. Бұл ресми түрде үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелгенімен, оның құрылтайшысы – Әзербайжанның көлік министрі Зия Маммадовтың ұлы және олигарх Анар Маммадов. Тіпті сайттағы ақпараттарды асығыс шолып шықсаңыз да, бұл Әзербайжан үкіметінің мүддесі үшін құрылған ұйым екені көрініп тұрады.
Аталмыш альянстың негізгі мақсаты – АҚШ-тың конгресінде Әзербайжан мүддесін қорғаушылар фракциясын кеңейту. 2004 жылы құрылған бұл фракцияның қазір 46 мүшесі бар.
Қоғамдық мәселені ашық жазатын Opensecrets.org сайты Вашингтондағы лоббилікті бақылаған. Олардың ақпараты бойынша, альянс 2013 жылға дейін лоббилікпен айналысатын Fabiani&Company фирмасына (АҚШ-та) 1 миллион 800 мың доллар төлеген. Бұл сома – олардың барлық лоббиліктен тапқан пайдасының жартысынан асып кететін қаржы. 2012 жылы Әзербайжан-Америка альянсы бұл фирмаға 2 миллион 400 мың доллар, 2011 жылы 1 миллион 800 мың доллар төлеген.
Вашигтондағы үлкен жиынға қатысқан сарапшы маман Нунанның пікірінше, Бакудің пиар акциялары АҚШ-қа дәл Еуропаға ықпал еткендей әсер етуі екіталай. Оның сөзінше, Әзербайжан үкіметі Конгрессте отырған өкілдер Бакудің емес, америкалық сайлаушылардың алдында жауапты екенін түсінуі тиіс.
– Бакудің мұндай дипломатиясы Вашингтондағы кейбір жоғары лауазымды тұлғалармен танысуға жол ашуы мүмкін. Бірақ ондай әдіс ұзақ уақыт жеміс бермейді. Ол үшін бұл акцияларға америкалық сайлаушылар да мүдделі болу керек. Олар қолдамаса, Бакудың әрекеті таныстық деңгейде қалады. Бұндай тәсілмен үлкен саясатты жүргізе алмайсың, – дейді ол.
Азаттық тілшісі Роберт Коалсонның мақаласын аударған – Сағынай Кәрім.

Сарапшылар «атқаратын міндеті анық емес GEFDAB ұйымы Бакудің мүддесін қорғау үшін құрылған» дейді

Бакудегі президент сайлауын бақылауға 50 шақты тәуелсіз топ жіберілген. Оның 49-ының аты белгісіз.