Банкте несие менеджері қызметін атқарған азамата, Әзербайжанның оңтүстігіндегі Ожакаран қаласының тұрғыны Микаил Талибов "жұмыстан заңсыз шығарылдым" деп, бірақ оны дәлелдей алмай жүр.
Амалы таусылған Талибов Facebook әлеуметтік желісі арқылы AccessBank-ті «жемқорлыққа жол берді» деп айыптаған.
«СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНА ҚАТЕР ТӨНДІ»
AccessBank Әзірбайжан тарихындағы әлеуметтік желіде жала жапқан адамды сотқа берген алғашқы мекеме болды.
Талибов айыпты деп танылып, бір жылға еңбекпен түзеу жұмыстарына кесілді. Бір жыл бойы жалақысының 20 пайызы ұсталатын болды. Одан бөлек, интернет арқылы өзінің алдыңғы айтқан сөзддерін жоққа шығаратын мәлімдеме жасауға міндеттенді.
31 жастағы Микаил Талибов мұндай жазаның тағайындалғанына таңғалмайтынын, тіпті бұдан да қатаң үкім шығады деп ойлағанын айтты.
Құқық қорғаушы Amnesty International ұйымы мен Еуропа Кеңесі тамыздың 14-і күні шыққан сот шешімін сынып, мәлімдеме таратты.
Еуропа Кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Нилс Муйжниекс Twitter әлеуметтік желісінде «жала жабу туралы жаңа заң пікір білдіру бостандығына бұрынғыдан бетер қатер төндіреді» деп жазды.
Адам құқықтарын қорғаушылар үшін ең бір өрескел жайт – Әзербайжан тарихындағы алғашқы жала жабу туралы іске демократиялық құндылықтар мен пікір еркіндігін қолдауды мақсат тұтатын Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қатысты болуы.
Бакуде орналасқан медиа құқықтары институтының заңгері Рашид Хаджилидің айтуынша, «ЕҚДБ-ның бұл іске қатысты болуы - өкінішті жағдай».
- Әзербайжанда проблема шаш етектен. Бірақ халық мұндай халықаралық ұйымдар осы сияқты қадамдарға бармайды деп сенетін еді. Өкінішке қарай, дәл осы ұйымдардың сөз бостандығын қолдауға деген ұмтылысын байқай алмай отырмыз, - дейді ол.
«ЕУРОПАЛЫҚ БАНК»
Әзербайжанда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан AccessBank өзін «Сіздің еуропалық банкіңіз» деп жарнамалайды, әрі акцияларының негізгі бөлігі шетелдік акционерлер меншігінде.
ЕҚДБ AccessBank акцияларының 20 пайызына иелік етеді, «Қара теңіз сауда және даму банкі», Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) және Kreditanstalt fur Wiederaufbau қаржы ұйымының үлестері де - 20 пайыздан.
Қалған 20 пайыз акцияны шетелдік екі фирма Access Microfinance Holding AG және LFS Financial Systems GmbH иеленген.
ЕҚДБ-ның Лондондағы және Тбилисидегі өкілдіктері банктің Талибов ісіне қатысы жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты. Банк өкілдерінің айтуынша, «олар жекелеген сот істеріне қатысты пікір білдірмейді».
Бұған қоса банк AccessBank-тегі шешім қабылдау процесіне қаншалықты ықпалы бар екенін айқындап беруден бас тартты. AccessBank басшылығында ЕҚДБ-ның өкілі жоқ, бірақ бұл банктің менеджерлер алқасының төрағасы Майкл Хоффман - ЕҚДБ-ның бұрынғы қызметкері, жеті жыл осы банктің Ресейдегі өкілдігінде қызмет еткен.
ЕҚДБ-ның даулы іске қатысты болуы бұл банктің өзі жұмыс істейтін елдерде сөз бостандығын, заң үстемдігін және демократияның өзге де принциптерін қорғау туралы мандатына қайшы келіп тұр.
Бұл Батыстың мұнайға бай Әзербайжанда адам құқықтарының қорғалуына алаңдап отырғанына күмән туғызатын оқиға болатын түрі бар. Онсыз да соңғы кезде сарапшылар Еуропа Кеңесі мен басқа да «демократияшыл» ұйымдар «сатылды» дегенді меңзеп, бұлардың әрекеттеріне «уылдырық дипломатиясы» деген кекесінді айдар таққан еді.
1991 жылы құрылған ЕҚДБ СССР ықпалында болған бұрынғы «шығыс блогы» елдерінде жеке кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуды мақсат етеді. Әзербайжандағы жеке секторға бұл банк 1 миллиард 600 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.
Реформаларды бағалау бойынша Еуропа Кеңесімен бірлесе жұмыс істейтін бұл банк Әзербайжандағы адам құқықтарының ахуалына «нашар» деген баға берген. Тіпті ЕҚДБ-ның интернетте жарияланған Әзербайжандағы стратегиялық мақсаттары жөніндегі құжатта «пікір білдіру бостандығын қорғау мақсатында жала жабу туралы заңды декриминализациялау қажет, бұл – демократиялық басқарудың маңызды бөлігі» деп жазылған.
Азаттық радиосына берген сұхбатында AccessBank өкілі «жала жабу» айыбы бойынша Микаил Талибовқа қарсы арыз бергенін мойындады. Бірақ сотқа беру туралы шешім қабылдауға банк акционерлерінің не менеджерлер алқасының қаншалықты қатысы болғанын айтпады. Дүниежүзілік банк тобына енетін IFC де бұл іске қатысты қандай да бір комментарий беруден бас тартты.
AccessBank өкілінің айтуынша, қызмет орнына себепсіз келмегені үшін жұмыстан шығарылған Талибов банктің атын мазақ қылатын және жемқорлыққа қатысы бар деп жалған айып тағатын Facebook парақшасын ашқан. Талибов бұл парақшаны жою туралы талапты орындамаған соң банк сот процесін бастауға мәжбүр болған.
2012 жылдың наурыз айында Талибов ашқан парақшаға «AccessBank-Haqsizbank» («AccessBank – әділетсіз банк») деген ат берілген. Мұнда жарияланған пікірлердің көбі - дәлелсіз айыптау, ұлтшыл ұрандар. Бұл парақшаға бірде банктің Армениямен ауыз жаласқаны туралы мәлімдеме шықса, енді бірде 60 мың долларлық депозиттерден 10 пайыз пара алатыны айтылады.
Бұл парақшада «Әзербайжандықтардың ақшасын Әзербайжанға қарсы пайдаланып жатыр» деген де жазбалар кездеседі.
Талибовтың айтуынша, ол жемқорлық жайлы мәлімдемесін Әзербайжанның Орталық банкіне қатысты жариялаған. Алайда ол мәлімдемесін AccessBank тарапынан қысым күшейген соң алып тастаған.
Оның айтуынша, «банкке айып тағып отырған жалғыз өзі емес, парақшадағы басқа материалдарды аты-жөні аталмаған басқа адамдар жариялаған». Талибов ол жазбалардағы айыптауларды жоққа шығарудан бас тартты. Себебі, оның айтуынша, «олар шынайы жағдайды көрсетеді және ешқандай өтірік факт жариялаған емес».
AccessBank өзінің Facebook-тегі парақшасында Әзербайжанның оңтүстігіндегі Астара аудандық сотының шешімін жариялады. Онда «Facebook жала туралы заңнан тыс емес, себебі ол да бұқаралық ақпарат құралына жатады» деп жазылған. Одан бөлек, сот Талибовтың жазбаларын «жалған ақпарат» деп атап, олардың банктің «кәсіби имиджіне нұқсан келтіргенін» айтқан.
Талибовтың AccessBank-ке келтірген зиянын есептеу қиын болып тұр. AccessBank жариялаған Facebook парақшасының скриншотында Талибовтың сот процесі басталғанға дейін бар болғаны 26 «лайк» жинағанын көруге болады. Бұл - интернет кең тараған Әзербайжан үшін мардымсыз көрсеткіш.
«ТҰҢҒЫШ ҚҰРБАН»
AccessBank ісі Баку тұрғындарының назарын аудара қойған жоқ. Оның бір себебі - сот ісінің астанадан аулақта өтуі болса, екінші себебі - Талибов ақиқат жолындағы күрескерден гөрі өкпелі адамға, кек алушыға көбірек ұқсайды. Алайда сөз бостандығын қорғаушылар «бұл - алда болуы мүмкін осы тақылеттес істердің бастамасы» дейді.
Әзербайжан парламенті биыл мамыр айында интернетте жала жабу әрекетін қылмыс қатарына қосқан заң қабылдады. Ондай әрекет үшін заңда 1 мың 200 АҚШ долларына дейін айыппұл салу, айыпты адамды алты айға түрмеге жабу жазалары қарастырылған. Көп сарапшылар мұны «қазан айында болатын президент сайлауының қарсаңында интернет журналистерін сескендіру үшін жасалып отырған биліктің ісі» деп сипаттайды.
Бұл сайлауға Әзербайжанның автократ президенті Ильхам Әлиев үшінші рет қатыспақ. Amnesty International Әзірбайжан басшылығын «сайлауда сын мен мағыналы пікірталастарға тосқауыл қоймауға» шақырды.
Бакудегі медиа құқықтары институтының заңгері Рашид Хаджили сияқты мамандар «билік заңды іс жүзінде қолдана қоймас» деп үміттеніп келген еді. Енді ол «онлайн тілшілер мен ақпарат құралдарына қарсы сот істері көбейіп кетуі мүмкін» деп қауіптенеді.
- Көп адам «Бұл заң сын пікірлерді тұншықтыруға арналған» деген қауіп айтқан кезде үкімет бұл заңды көп қолданбауға уәде берген. Бірақ көп ұзамай алғашқы адам құрбандыққа шалынды, - дейді Хаджили.
Талибов «Хаджилидің көмегімен сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым беремін» дейді. Екі жыл жұмыссыз жүрген бұрынғы банк маманы сотқа қайта келуге дайын. Бірақ ол AccessBank-пен айқасудан шаршап қалғанын да жасырмайды.
- Мен шағым беремін, бірақ сот шығыны маған ауыр тиеді. Үш заңгер тегін көмектесуге ұсыныс білдірді, бірақ олардікі әзірге ұсыныс қана, әлі нақты шешімдерін айтқан жоқ, - дейді Микаил Талибов.
Дейзи Синделар мен Кенан Әлиевтің мақаласын ағылшын тілінен ауданған – Мұхтар Екей.

"Интернетте жала жапқаны үшін" айыпты адамға 1 мың 200 АҚШ долларына дейін айыппұл салу, алты айға түрмеге жабу жазалары қарастырылған.