Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін министрлік қолдаған "Интернет-дода" қазақ тілді сайттар байқауына қатысты жағдайды тексеретін жұмысшы тобы құрылғанын айтты.
"Мен бұл жағдайдан хабардармын. Жұмысшы тобын құрып, байқауға қатысты барлық жағдайды анықтауға тапсырма бердім. Желтоқсанның біріне дейін жағдайды анықтап, содан кейін ғана ақпарат береміз" деді Астанада брифинг өткізген Сәрінжіпов.
Қарашаның басында білім министрлігі қолдаған "Интернет-дода" байқауынан жүлде алған сайттар жарыс қорытындысына наразылық білдірген еді.
Қарашаның 13-і күні алғашқы үш орынға ие болған Massaget.kz, Aynaline.kz және Surak-zhauap.kz сайттары жүлделерінен бас тартатындарын мәлімдеген еді. Жүлде алған сайттар ұйымдастырушылардың тендер шартын толық орындағанына күмән келтіріп, министр Сәрінжіповке хат жазып, жарысты қайта өткізуді сұраған.