Бүгін Киевте биліктің Еуропамен интеграция келісімінен бас тартуына наразы демонстранттар Украина Жоғарғы Радасының алдында шеру өткізіп жатыр. Жиналғандар "Украинаның еуропалық мемлекет екенін" ұрандап, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп тұр.
Бүгін парламентте оппозицияның үкіметке сенімсіздік білдіру вотумы дауысқа салынуы тиіс. Сенімсіздік вотумы жобасын кеше парламенттің мемлекеттік құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті мақұлдаған еді.
Кеше оппозицияны қолдайтын бірнеше мың адам Киевте үкімет үйін, қалалық әкімшілікті, кәсіподақ ғимаратын қоршауға алған. Украина ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Киевке қосымша әскер әкелінетінін хабарлады.
Демалыс күндері шерушілер мен полицияның қақтығысынан 200-ден астам адам жарақаттанды. Оппозиция арандатушыларды айыптады. Полиция сенбі күні таңертең шерушілерді күшпен таратқан.
Қарсылық акциялары Украинаның басқа қалаларында да өтіп жатыр. Запорожьедегі шерушілер қалалық әкімшілікті басып алып, мэрдің қызметінен кетуін талап етті. Харьковте өткен шеруді тарату кезінде белгісіз біреулер файер лақтырып, бірнеше адамды жарадар еткен. Полиция төрт күдіктіні ұстаған.
Үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен опозиция елде бүкілхалықтық ереуіл жариялады. Олар бейбіт шеруге күш қолданғандарды жазаға тартуды талап етіп отыр.
Украина қараша айының соңында Вильнюсте өткен Еуропа Одағы саммитінде елдің осы ұйыммен ынтымақтастығы жайлы келісімге қол қоюы керек болатын. Бірақ Украина билігі саммитке бір апта қалғанда құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Ел президенті Виктор Янукович оның себебін "Украина Ресеймен сауда келісімдерін бұза алмайды" деп түсіндірген.