Accessibility links

Украинадағы наразылық әлі жалғасып жатыр


Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.
Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.

Киевте мерзімсіз наразылық акциясына қатысушылар үкімет үйі алдындағы пикетті қайта бастады.

Киевтегі үкімет үйінің алдында жүздеген шеруші тұр. Олар ғимаратқа Тәуелсіздік алаңы жақтан кіретін жолды бөгеп тастаған. Наразылар министрлер кабинетінің 2014 жылға арналған бюджет жобасы жөніндегі бүгінге жоспарланған отырысын өткізбеуге тырысады. «Революция!» деп ұрандатқан олар Николай Азаров үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп тұр.

Үкімет үйін милиция жасақтары қоршап алған. Милицияның арнайы жасағы сарбаздарына толы он шақты автобус маңайдағы көшелерде де тұр. УНН агенттігінің хабарлауынша, үкімет ғимараттары орналасқан кешен ауласына да тәртіп сақшылары әкелінген.

Ел үкіметі бұдан бұрын Еуропа Одағымен (ЕО) жаңа сауда келісімдері жасалатынын айтқан еді. ЕО сәрсенбі күні украин талабын орындайтын ешбір жоспар жасалмағанын айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри украин билігін «еркіндікте, дамыған елде өмір сүргісі келетін халқының үніне құлақ асуға» шақырды. Ол Киевте өткен
Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.
Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.
аптаның демалыс күндері болған зорлық-зомбылық шарасын қайталамауға шақырды. Керри Украинаға қысым көрсеткен Ресейдің әрекетін де сынады.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен өзі басқаратын ұйым Украинадағы реформа процесін қолдайтынын айтты.

Желтоқсанның 3-інде Украинаның жоғарғы радасы Николай Азаров үкіметіне сенімсіздік таныту вотумын қолдаудан бас тартты. Құжатты «украин халқына опасыздық жасады» деп билікті айыптаған оппозиция ұсынған.

Еуроинтеграцияны жақтаушылардың жаппай наразылық акциясы қарашаның 21-і күні үкімет Украина мен ЕО арасындағы ассоциация туралы келісімді дайындауды тоқтатқан кезде басталған. Өткен сенбі күні милиция Киевтегі «Еуромайданды» күшпен таратты.

Оппозиция кінәлілерді жазалауды талап етті. Сейсенбі күні парламентте сөйлеген Азаров наразыларға қарсы күш қолданғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ ол
Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.
Украинадағы наразылық. Киев, 4 желтоқсан 2013 жыл.
оппозиционерлерді «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деп айыптады.

Кеше Киев қалалық соты желтоқсанның 1-і күні президент әкімшілігі ғимараты алдындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан тоғыз адамды екі айға қамады.

«1+1» телеарнасының хабарлауынша, Қырым ішкі әскер командованиесінің бастығы Николай Балан «Украинаның ішкі әскерлерінің Қырымда шоғырланған бөлімшелері Киевке келе жатыр» деп мәлімдеген. Украина ішкі істер министрлігі әскерилер мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «тірі қалқан» ретінде пайдаланылады деп түсіндірді.

Виктор Янукович пен Николай Азаровтың отставкаға кетуін талап еткен оппозиция президент әкімшілігі ғимараты мен үкімет үйін қоршауды бүгін де жалғастырмақ. Наразылық акциялары Украинаның басқа қалаларында да өтіп жатыр.

Украина билігі өкілдері сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей ресми өкілдерімен кездеспек. Ал Украина президенті Виктор Янукович қазір Қытайда жүр. Ол ЕО ұсынған көмек жартымсыз екенін, сондықтан Украина Ресеймен сауда келісімдерін бұза алмайтынын айтқан еді. Ал оппозиция ЕО-мен келісім жасасу Ресейдің әсерін азайтар еді деп болжайды.
XS
SM
MD
LG