Премьер-министр Николай Азаров үкіметіне сенімсіздік таныту туралы қарарды 186 депутат қолдады. Ал оны қабылдауға 226 депутат дауыс беруі тиіс. Құжатты «билік украин халқына опасыздық жасады» деп айыптаған оппозиция ұсынған.
Министрлер кабинеті мүшелері уақытында келмегендіктен, қарарды талқылау кешігіп басталды. Украина премьер-министрі Николай Азаров бастаған шенеуніктер шерушілердің кесірінен министрлер кабинеті ғимаратына уақытында келе алмады.
Премьер-министр Николай Азаров трибунаға көтеріліп, бүкіл министрлер кабинеті жоғарғы раданың мәжіліс залына кірген кезде оппозициялық депутаттар оларды «Масқара!» деген айқаймен қарсы алды. Николай Азаров наразылық білдірушілерден ресми органдардың ғимараттарын басып алуды тоқтатуды талап етіп, «бұл – үкімет пен басқа да билік органдарының қызметіне кедергі келтірумен тең» деді.
Ол үкіметтің 21 қарашада ЕО-мен келісімге қол қоймау туралы шешім қабылдау себебін елдегі экономикалық жағдайдың қиындығы мен Ресеймен тауар айналымының қысқаруына сілтеді. Азаров «Мен құқық қорғау органдарының Майдандағы әрекеті үшін кешірім сұрағым келеді. Үкімет пен президент бұл жағдайға қатты өкінеді» деді.
Азаровтың жоғарғы рада трибунасынан сөйлеген сөздері мен шерушілерге жасаған үндеуін көшеде жиналғандар естіп тұрды. Премьердің үкіметт ЕО-мен келісімге қол қою мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдау себептерін түсіндірген сөздерін жоғарғы раданың мәжіліс залындағы айқай-шу басып тастады.
Премьер «Егер Киев ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қойса, ЕО Ресеймен арадағы сауда қатынастары бұзылуынан келген экономикалық шығынға өтемақы төлеу туралы мәселені қарауға келісті» деп хабарлады.
Киевтегі парламент ғимараты алдына ондаған мың шеруші жиналды. Жоғарғы рададағы дауыс беруден кейін оппозиция жиынға қатысушыларды президент әкімшілігіне барып, мемлекет басшысынан үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қоюын талап етуге шақырды.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Виктор Янукович желтоқсанның 3-інде Қытайға сапармен кеткен.
«Еуромайданға» қатысушылар Крещатик пен Институт көшелерінде тікенек сым темірден қоршау жасаған. Белсенділердің бірінің сөзіне сілтеме жасаған УНИАН агенттігінің хабарлауынша, олар «Еуромайданды» қоршап алған арнайы жасақ сарбаздарының шабуылынан осылай қорғанбақ.
Үкімет пен президенттің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық шерулері Украинаның басқа қалаларында да өтті.
Оппозиция «Киевтегі «Еуромайданды» күшпен қуып таратқандарды жазалап, үкімет отставкаға кеткен соң ғана билікпен диалогқа келеміз» деп мәлімдеді.
Украина қараша айының соңында Вильнюсте өткен ЕО саммитінде елдің осы ұйыммен ынтымақтастығы жайлы келісімге қол қоюы керек болатын. Бірақ Украина билігі саммитке бір апта қалғанда құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Ел президенті Виктор Янукович оның себебін "Украина Ресеймен сауда келісімдерін бұза алмайды" деп түсіндірген.