Accessibility links

Ультрас шерушілерді «титушколардан» қорғамақ


Шеруде жүрген «титушколар». Киев, 24 қараша 2013 жыл.
Шеруде жүрген «титушколар». Киев, 24 қараша 2013 жыл.

Украинадағы «Еуромайдан» шерушілері жаңа қолдаушыларға ие болды. Олар – футбол жанкүйерлерінен құрылған, өздерін «ультрас» деп атайтын топ өкілдері.

Екі жыл бұрын Украинадағы футбол бұзақыларының шектен тыс әрекеті кесірінен «Еуро-2012» ойынын ол елде өткізуден бас тарту туралы пікірлер де айтылған еді. Қазір сол Шығыс Еуропада ультрас деген атпен танымал футбол жанкүйерлері «Еуромайдан» шерушілерін қорғайтындарын мәлімдеді.

ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ

Ультрас топтары Киев пен басқа да қалаларда топ құрып, шерушілерді полициядан, үкіметке жалданатын бұзақы «титушколардан» («титушки» - белсенді азаматтарды арандататын, спортшы жігіттерден құралған топтың мүшесі Титушконың фамилиясынан шыққан сөз) қорғайтындарын айтты.

Оппозиция өкілі, «Свобода» партиясының жетекшісі Олег Тягнибок қаңтардың 25-і күні
Украинадағы шерушілерді қолдайтындарын мәлімдеген ультрас топтары картасы.
Украинадағы шерушілерді қолдайтындарын мәлімдеген ультрас топтары картасы.
оппозицияның президент Януковичпен әріптес болуды қабылдамайтынын айтып, ультрастың рөлін жоғары бағалады. «Украинаның даңқы арта берсін! Футбол жанкүйерлеріне, Черкассының «Днепр», Львовтың «Карпат», Полтаваның «Ворскла» футбол тобының жанкүйерлеріне қол соғайық! Отансүйгіштік осылай басталады!» деді Олег Тягнибок.

Ішімдік ішіп алып, төбелесе кетуге дайын тұратын бұл топтардың жаңа сипаты көпшілікті таң қалдырды. Қаңтардың 21-і күні – Украинаның «диктаторлық заңы» деп аталған заң қабылданардан бір күн бұрын – «Динамоның» ультрасы Майдан шерушілерін қорғайтын арнайы бөлімше құратындарын мәлімдеді.

УЛЬТРАС VS «ТИТУШКО»

«Киевті оңбаған сатқындардан қорғауға әлі қосылмай жүргендерге үндеу жасаймыз» деп жазды топ өкілдері ВКонтакте желісінде. Ультрас «титушколарға» қатты наразы. «Біз Еуропаға қосылуды қалағандықтан емес, Юлия (Тимошенко), Виталий (Кличко), Арсений (Яценюк) немесе Олег (Тягнибок) үшін де емес, Ресейге қарсы болғандықтан да емес, Киев халқы үшін, қаламыз үшін, еліміз үшін, ар-намысымыз үшін шығамыз!» дейді олар.

Содан бері ультрас Украинаның барлық қаласында осындай мәлімдеме жасап, қақтығысқа араласып кетті. Олар Львов сияқты майданды қолдаушылар
Баррикада құрып жүрген шеруші. Киев, 27 қаңтар 2014 жыл.
Баррикада құрып жүрген шеруші. Киев, 27 қаңтар 2014 жыл.
шоғырланған аймақта ғана емес, Ресейді және президент Януковичті қолдаушылар басым оңтүстік пен шығыста да бой көрсетті.

Луганск, Харковь, Донецк сияқты шығыс аймақтарда, Қырым мен Одесса тәрізді оңтүстік өлкелерде де ультрас мүшелері көп. Қаңтардың 26-сы күні Днепропетровскіде жүздеген днепрлік ультрас күтпеген жерден облыс әкімшілігінің ғимаратын алмақ болған шерушілерге қолдау көрсетті.

YouTube-те жарияланған видеода қансырап жатқан ультрас мүшесі көрсетіледі. (Дәл сол көріністе резеңке оқтан мойны үңірейіп тесілген адам да бар).
Шерушілерді қолдайтындарын айтқан ультрас мүшелері 17 қалада тіркелген.
Қаңтардың 27-сі күнгі дерек.

Әдетте Януковичті қолдайды деп сипатталатын жұмысшы таптан шыққан жастардың – ультрастың аяқ астынан шерушілерге қолдау көрсетуін олардың «Еуромайданнан» өз орындарын табуы деп түсіндіруге болар. Қаңтардың 27-сі күнгі дерек бойынша, шерушілерді қолдайтындарын айтқан ультрас мүшелері 17 қалада тіркелген.

Көптеген аймақтардағы ультрас топтары бұл әрекетін Майданға жанашырлық танытудан емес, «титушколарды» жек көргендіктен деп те ұқтырады. Қырымдағы Симферополь қаласының «Таврия» футбол клубының ультрасы Еуропа Одағына қосылуды қолдамайтынын, бірақ украиналық тұрғындарға шабуыл жасауға наразы екендерін айтты. «Елімізді 300 гривнаға (35 доллар) сатпауға шақырамын» деп жазады оңтүстік-шығыстағы Мариуполь қаласының тұрғыны, ультрас Ильчевец «титушколардың» табысын меңзеп.

Азаттық тілшісі Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG