Ақпанның 4-і күні Алматы қалалық соты 2013 жылы желтоқсан айында көлігімен алты адамды қағып, кісі өліміне себепкер болған 25 жастағы алматылық Мақсат Үсеновті 45 күнге қамап, екі жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Бірақ бұл шешім туралы журналистер сот отырысы кезінде емес, соттан кейін бір-ақ білді.
Мақсат Үсеновке қатысты сағат 16.00-ге белгіленген сотқа журналистер барған кезде судья Қанат Молдашев пен баспасөз хатшысы Қуандық Ешимет оларға соттың өтіп кеткенін хабарлады. Журналистер сот процесі туралы видеоны көрсетуді талап етіп, оны көрсетпейінше кетпейтінін айтып тұрып алды. Біраз келіссөзден соң сот өкілдері процестің видеосын көрсетуге мәжбүр болды.
Мақсат Үсенов былтырғы желтоқсан айында Алматы көшелерінің бірінде BMW X6 жеңіл көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Мұрат Қарабалин есімді 23 жастағы зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза тапқан. Кейін Үсеновтің үстінен «жолда жүру және көлік құралын басқару ережелерін бұзу», «жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету» фактілері бойынша іс қозғалып, ол қамауға алынған еді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ТАЛҚЫЛАУ
«Жол апаты болған жерден қашып кетті» деп сипатталған Үсеновтің қылығы Facebook пен ВКонтакте сияқты әлеуметтік желілерде қазақстандықтар ең көп талқылаған тақырыптардың біріне айналған. Жол ережесін бұзушының суреттерін бөліскен жүздеген белсенді интернет қолданушы оның әкесі Қажымұрат Үсеновтің лауазымды шенеунік болғанына, сол кезде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясында жұмыс істейтініне назар аудартуға тырысқан. Наразы жұрт Мақсат Үсенов заң бұзғаны үшін жауапқа тартылмай құтылатын көптеген қазақстандық лауазымды тұлғалардың балалары сияқты жауапкершіліктен қашып кетеді деп қауіп білдірген еді.
Биыл қаңтар айында Алматы қалалық ішкі істер департаменті жол апаты кезінде қаза тапқан жігіттің әкесі кешірім беріп, бітімге келіп, Үсеновке қатысты қылмыстық істің жабылғаны туралы хабарлаған еді. Қаңтардың 22-сі күні Алмалы аудандық соты қылмыстық кодекстің 67-бабына сілтеме жасап, «жәбір көруші жақ пен айыпты жақ бітімге келгені үшін» Үсеновті босатқан. Аталған бапқа сәйкес айыпталушы мен жәбірленуші істі сотқа жеткізбей бітімге келу арқылы қылмыстық істі жабу туралы өтініш түсіре алады. Бірақ жергілікті БАҚ-қа қаза тапқан жігіттің шешесі "күйеуінің ғана бітімге келгенін, ал өзінің заң бұзушыны кешірмейтінін" мәлімдеген.
Бұл ақпарат әлеуметтік желідегі қарсылықты одан сайын күшейте түсті. Белсенділер жол ережесін бұзушының әкесі ұйымдастырушы болып жұмыс істейтін халықаралық EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізуге байкот жариялау акциясын бастады. Қаңтардың соңында Қажымұрат Үсеновтің қызметінен кеткені туралы хабарланды. Іле-шала Алматы қаласының прокуратурасы Үсеновке қатысты шыққан сот шешіміне қарсы қайта тексеру туралы талап-арыз түсірген.
«45 КҮН ЖАЗА МА?»
Әлеуметтік желі мен түрлі форумдарда Үсеновті кінәлау сипатындағы пікірлер басым. Оның 45 күнге қамалғаны белгілі болған кезде қарапайым қолданушылар елде «адам өмірінің құнсыздығы» мен «құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлық» жайлы пікірлер жазып жатты.
Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев «кісі өліміне себепкер болған» Үсеновтің қалай жазасыз қалғанына таңданыс білдіреді.
«45 күнді тіпті жаза деп атауға да келмейді. Меніңше, полициядан «Неге шешесі жәбірленуші қатарына кірмеген?» деп сұрау керек. Негізі қаза болған отбасының барлығы да жәбірленуші ғой» дейді ол.
Шорманбаевтың пікірінше, әлеуметтік желі және интернет қолданушыларының белсенділігі Үсеновтің жазасын қайта қарауға себеп болған.
Әлеуметтік желілерде Мақсат Үсеновтің ісіне қатысты бітімге келу туралы бапты сынағандар да болды. Заңгер Сергей Уткин «Үсенов сияқтылардың жазасыз қалуына себеп болатын» айыпталушы мен жәбірленуші тараптың бітімге келуі туралы бапты алып тастаудың мәселені шешпейтінін айтады. Ол қылмыстық кодекс баптарын бұлайша қатаңдатса, құқық қорғау органдарындағы жемқорлық одан сайын өршиді деп алаңдайды.
«Бұған дейін айыпталушы тарабы жәбірленушімен келісуге бар күшін салып келді. Енді кенеттен мұндай мүмкіндік болмай қалса, онда әлгі айыпталушыны аман алып қалу үшін айыпталушы полиция, сот және прокуратурамен «келіседі». Ал бұл, менің ойымша, жәбірленушімен келіскеннен гөрі қорқыныштырақ» дейді Уткин.