Accessibility links

Стамбулда наразыларды полиция күшпен таратты


Интернетке шектеу қою туралы заң жобасына наразылық білдіріп шеруге шыққандар. Стамбул, 8 ақпан 2014 жыл.
Интернетке шектеу қою туралы заң жобасына наразылық білдіріп шеруге шыққандар. Стамбул, 8 ақпан 2014 жыл.
Сенбі күні Интернетке шектеу қою туралы заң жобасына қарсылық танытып Стамбулдағы Таксим алаңына шығуға әрекет жасаған наразылар тобына полиция су мен көзден жас ағызатын газ шашты.

Шерушілер полицияға тас пен алау лақтырып қарсылық көрсетті, бірақ полиция оларды алаңға жапсарлас көшелерге ығыстырып тастаған соң көп ұзамай тарап кетті.

Осы аптада Түркия парламенті билікке соттың шешімінсіз интернет сайттарына тосқауыл қоюға және провайдерлерден қолданушылар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жаңа заң жобасын мақұлдаған еді.

Енді Түркия президенті қол қойса, жаңа заң күшіне енбек.

Оппозиция бұл заң сөз бостандығы құқығын шектейді деп санайды.
XS
SM
MD
LG