Accessibility links

Банктерде үшінші күн кезек азаймай тұр


Банк кезегі: 3-күн
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:03 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Коммерциялық банк бөлімшесіндегі депозиттегі ақшасын қайтарып алу үшін кезекте тұрғандар. Алматы, 20 ақпан 2014 жыл.

Алматыда екінші деңгейлі банктердегі депозитін қайтарып алғысы келген азаматтардың ұзын-сонар кезегі бүгін де тарқамай тұр. Азаттық тілшісінің айтуынша, Kaspi Bank бөлімшелерінде кезек сыртқа - көшеге дейін шығып кеткен.

Ақпанның 17-сі күні Қазақстан тұрғындары арасында "Альянс банк", Kaspi Bank және "ЦентрКредит банкі" банкротқа ұшыраған" деген SMS тарауы жұртты дүрліктірген еді.

Сейсенбі күні аты аталған банк басшылары әлгі қауесетті жоққа шығарып, халықты "арандатуға сенбеуге" үгіттеген. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов те арнайы брифинг өткізіп, халықты сабырға шақырған. "Альянс банкі" клиенттер тарапынан "банк қызметіне сұраныс көбейгендіктен" банктің жұмыс режимі ұзарғанын хабарлады.

Банк 19 ақпаннан 28 ақпанға дейін жұмыс күндері таңертеңгі тоғыздан кешкі сегізге дейін, сенбі күні - таңертеңгі сағат тоғыздан күндізгі төртке дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейтінін жариялады.
XS
SM
MD
LG