Ресей сыртқы істер министрлігі Канаданың 12 саясаткеріне және Канада-Украина конгресінің президентіне қарсы санкция жариялады.
Дүйсенбіде жарияланған санкция тізімінде Канада премьер-министрі кеңесшілері, парламенті мүшелері де бар. Оларға Ресейге кіруге тыйым салынған. Ресей министрлігінің сөзінше, бұл 13 адам - Канаданың бұған дейінгі Ресейге қарсы жариялаған санкциясына қатысы бар тұлғалар. Канада Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына жауап ретінде ресейлік 14 адамға және "Ресей банкіне" қарсы санкция салған еді.
Канадалық ақпарат құралдары дерегінше, шетелдегі ірі украин диаспораларының бірі осы елде тұрады. Канада - Совет Одағы құлаған соң тәуелсіздігін жариялаған Украинаның егемендігін алғашқы болып мойындаған Батыс елі.