Сириялық Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, 6 сәуірде Хомс провинциясында автомобильге қойылып жатқан мина кенеттен жарылып, 29 көтерілісші мерт болған. Құқық қорғаушылар құрбандар саны көбейе түсуі мүмкін дейді.
Сирияда қақтығыстар басталғалы бері Хомс қаласы көтерілісшілер күрес жүргізіп келе жатқан орталықтарының бірі болған. Қаланың ескі бөлігін бірнеше айдан бері президент Башар Асадтың үкіметтік күштері қоршауда ұстап отыр.
6 сәуірде Дамаскіде опера театрының маңына снаряд түсіп, екі адам қаза тапқан. Көтерілісшілер Дамаскінің айналасын минометпен атқылауды күшейткен.