Accessibility links

«Аңыз адам» журналы бас редакторына айыппұл салынды


«Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Алматы, 11 мамыр 2014 жыл.
«Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Алматы, 11 мамыр 2014 жыл.

Гитлер жайлы қарама-қайшы мақалалар шыққан журналдың «тіркеу деректерін көрсетпегені үшін» бас редактор Жарылқап Қалыбайға сот айыппұл салды. Ол бұл істің «саяси себебі бар» дейді.

Мамырдың 11-і күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының талап арызын қарап, «Отбасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) мен оған қарасты «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыз жорамал» журналарының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға жиыны 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қазіргі кезде айыппұл сомасы 222 мың 240 теңгені (шамамен 1200 АҚШ доллары) құрайды.

Сот процесінде сөйлеген Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы өкілінің айтуынша, аталған үш журнал биыл, 2014 жылы ақпан айындағы нөмірлерін шығарған кезде БАҚ туралы заңның 15-бабының бірінші бөлігіндегі талап орындалмаған, яғни «журналды басқан баспахананың мекен-жайы көрсетілмеген».

Сотта қоғамдық қорғаушы ретінде қатысқан «Отбасы» ЖШС заңгері Мақсат
Судья Нұржан Пақырдинов "Аңыз адам" журналына байланысты сот шешімін оқып тұр. 11 мамыр 2014 жыл.
Судья Нұржан Пақырдинов "Аңыз адам" журналына байланысты сот шешімін оқып тұр. 11 мамыр 2014 жыл.
Нұрыпбаев Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы БАҚ мониторингін толық жүргізбей, кейбір басылымдарды ғана іліп алған дейді. Ол мысал ретінде «ақпарат құралын басып шығарған баспахананың мекен-жайы көрсетілмеген» басқа да бірнеше газет-журналды судьяның алдына қойды.

Нұрыпбаев БАҚ туралы заңның 15-бабы 1-бөлігінде 8 тармақ барын, соның сегізінші тармағы «баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайын көрсетпегені» туралы екенін айтты. «Отбасы» ЖШС осы сегізінші тармақтың екінші сөйлемі, яғни «баспахананың мекен-жайын» көрсетпегені үшін ғана айыпталып отыр.

Аталған журналдардың бас редакторы Жарылқап Қалыбай ақпан айында жарияланған бұл журналдарда баспахананың мекен-жайы жазылмай қалғанын мойындайды, бірақ ол баспахананың аты мен басқа да деректері журналда берілгенін алға тартты.

Бас редактор Алматы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Отбасы» ЖШС журналдарын аяқ астынан тексеруінің «саяси себебі бар» деп санайды.

– Әйтпесе ақпарат құралдарының соңғы бетінде, қалтарыс жерде тұратын баспахананың адресіне осынша шұқшимайтын еді. Ондай техникалық қателіктер басқа да ақпарат құралдарында кетіп жатады. Бірақ ішкі саясат басқармасы оны көрмейді, - дейді Қалыбай.

Ол биыл сәуір айынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елде «Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий» жарияланғанын еске салды.

– Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы мораторийге де қарамады. «Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған нөмірі туралы шу-шұрқан
"Аңыз адам" журналының сотына келген журналистер бас редактор Жарылқап Қалыбайдан (сол жақта) сұхбат алып тұр. Алматы, 11 мамыр 2014 жыл.
"Аңыз адам" журналының сотына келген журналистер бас редактор Жарылқап Қалыбайдан (сол жақта) сұхбат алып тұр. Алматы, 11 мамыр 2014 жыл.
шыққаннан кейін осындай қуғын басталды. Алматы қаласындағы Панфилов паркінде «Аңыз адам» журналын өртеген кезде сол жерде Алматы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бастығы Ерболат Әуезовтің өзі де жүрді. Мына іс бойынша маған хаттама толтырған да соның өзі, – дейді Қалыбай.

«Отбасы» ЖШС заңгері Мақсат Нұрыпбаев «сот процесінде Жарылқап Қалыбайдың айыбы анықталмағанына қарамастан оған ең жоғарғы айыппұл салынды» дейді.

«Отбасы» ЖШС-нің «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының Адольф Гитлер туралы сәуір айындағы саны қарама-қайшы пікір тудырған еді. Журнал редакциясын сынаушылар да, қолдаушылар да көп болды.

Қазақстан байланыс және ақпарат агенттігінің «Аңыз адам» журналының соңғы нөміріне қатысты жариялап үлгерген жылдам мәлімдемесі де дауды ұлғайта түскен болатын. Ресей сыртқы істер министрлігі 21 сәуір күні Қазақстан билігін "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналының Адольф Гитлер туралы материал басқанына байланысты бір шара қылады деген үмітте екенін" мәлімдеген еді.

Сәуірдің 21-інде Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ауған соғысы ардагерлері мен өздерін НОД (ұлттық азат ету қозғалысы - ред.) деп атайтын ұйымның ондаған белсендісі «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналына қатысты наразылық акциясын өткізіп, Адольф Гитлер туралы материалдар шыққан журнал санын өртеген болатын.

ВИДЕО: ХАҚ белсенділері «Аңыз адам» журналының Гитлерге арнаған нөмірін өртеп жатыр
Гитлер жайлы журналды өртеу
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00
XS
SM
MD
LG