Accessibility links

Еуропарламентте оңшыл және солшыл партиялар күшейеді


Еуропа парламенті. Брюссель, Бельгия, 24 мамыр 2014 жыл.
Еуропа парламенті. Брюссель, Бельгия, 24 мамыр 2014 жыл.
Болжам бойынша, әсіреоңшыл және солшыл партиялар Еуропа парламентінде өз ықпалдарын күшейтіп, Ресей президенті Владимир Путинге оң көзқарастағы депутаттар санын арттыруы мүмкін.

Мамырдың 22-сі мен 25-сі аралығында Еуропарламентке өткен сайлаудың алғашқы алдын-ала қорытындылары бойынша, әсіреоңшыл және солшыл партиялар 120-140-қа дейін депуттаттық орынға ие болуы мүмкін. Сайлау учаскелерінде алынған сауалнама қорытындысына қарағанда, Франция, Грекия және Данияда әсіреоңшыл я әсіресолшыл партиялар алда келеді. Болжам бойынша, 2009 жылғы сайлауда тек үш депутаттық мандатқа ғана ие болған франциялық "Ұлттық майдан" партиясы биылғы сайлауда 24 орынға дейін иеленуі мүмкін.

Еуропарламентке биылғы сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 43.1 пайызы қатысқан. 2009 жылғы сайлауда дауыс бергендер саны 43 пайызды құраған.
XS
SM
MD
LG