Accessibility links

АҚШ әлемдегі дін еркіндігі туралы есебін жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ мемлекеттік департаменті әзірлеген халықаралық діни еркіндік туралы есеп бойынша, 2013 жылы әлемде діни ұстанымына бола тұрғылықты жерінен кетуге мәжбүр болғандар саны ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

"Әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған мұсылман, христиан, индуистер мен басқа да діни конфессиялар өкілдері діни ұстанымына байланысты тұрып жатқан жерін тастап кетуге мәжбүр болады" делінген мемлекеттік департамент есебінде.

28 шілде күні жарияланған құжатта 2013 жылы Иранның "мемлекет бекіткен дін талаптарына сай келмеген" діни топтардың мүшелеріне қатаң шектеулер қойғаны айтылады.

Тәжікстанда, Түркіменстан мен Өзбекстанда да мемлекет мақұлдаған діни әрекет қана заңды деп танылған. Баяндаманы әзірлеген сарапшылар Пәкістан билігін құдайға тіл тигізу туралы заңын қолданады деп сынап, Ресейді "экстремизмге" қарсы жаңа заңдар мен заңнамаларға енгізілген түзетулерді діни топтардың әрекетін одан ары шектей түсу үшін қолданады деген тұжырым жасаған.

XS
SM
MD
LG