Accessibility links

Су-27 апатына қатысты іс қозғалды


Су-27 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)
Су-27 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Алматы облысында әскери Су-27 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қазақстан бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы Су-27 ұшағының апатына байланысты қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша («ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу») іс қозғаған. Апатқа қатысты тергеуді ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Сәрсенбі күні Қазақстан қорғаныс министрлігі Алматы облысы аумағында 23 қыркүйекте «оқу-дайындық мақсатында ұшып шыққан Су-27 жойғыш ұшағымен байланыс кешкі 20 сағат 42 минут кезінде үзілгенін» хабарлаған болатын.

Әскери ұшақтың қалдықтары түн ішінде Көксу ауданы аумағында, Жаңалық ауылынан 15 километр жерден табылған. 24 қыркүйектегі іздестіру шаралары барысында подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйектері табылғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG