Бүгін Алматыда ел аузында "Барахолка" атанып кеткен ірі сауда аймағында орналасқан "Әл-Фараби" базарында өрт шықты деп хабарлайды BNews сайты.
Базарда өрт шыққаны туралы ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растаған. Өртке қарсы қызмет базардағы өртті күндізгі сағат 12-ге таман сөндірген.
"Әл-Фараби" базарында ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар мен той жабдықтары сатылады.
Былтырғы күзден бері «Барахолканың» он шақты базары өртенген еді. Кейін бірнеше базардың автокөлік жолына жақын қатарлары сүрілген.