Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің жиыны өтіп жатыр деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
Жоспар бойынша, кездесуде ШЫҰ үкімет басшыларыұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту жайын талқылайды. Бұдан өзге, премьерлер әлемдік және аймақтық экономикада болып жатқан өзгерістерге байланысты өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі алғашқы қадамдар жайын да келіспек.
Жиын қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданбақ.
ШЫҰ – тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйым. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.