2014 жылдың тоғыз айында 3347 оралман отбасы (6761 адам) Қазақстанға көшіп келген. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
Қазақстанға шетелден көшкен этникалық қазақтардың 3438-і ер адам, ал 3323-і - әйел.
4768 адам еңбекке қабілетті жаста, 395 адам - зейнет жасында, 368 адамның жоғары білімі, 869 адамның - арнайы орта және 2592 адамның жалпы орта білімі бар.