Accessibility links

Алматыдағы көлік апатына қатысты іс қозғалды


Қалалық автобус көліктері. (Көрнекі сурет)
Қалалық автобус көліктері. (Көрнекі сурет)

Алматыда қаңтардың 18-інде жолаушылар автобусының қатысуымен болған көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады бүгін қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жексенбіде қаланың жоғары жағындағы "Қазақфильм" ықшамауданының Есенәлиев көшесімен солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан 31-маршруттағы автобус жолындағы бірнеше көлікті соғып, одан соң жаяу жүргіншіні қағып, ең соңында жүк көлігімен соқтығысып барып бір-ақ тоқтаған. Алдын-ала болжам бойынша, жол апатына автобус тежегішінің істен шығуы себеп болған. Ішкі істер департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасынан тоғыз адам зардап шеккен.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, бүгін Алматы әкімдігінде өткен жиында қала басшысы Ахметжан Есімов апатқа автобус тежегішінің істен шығуы себеп болды деген болжам расталса, автобус иесі - 2-автопаркті жолаушы тасымалдау маршрутынан айыруға тапсырма берген.

XS
SM
MD
LG